
Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бастамасымен Саран қ. әкімдігімен бірлесіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Президентінің халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Саран қ. тұрғындарымен кездесу жүзеге асырылды және жоғарыда аталған тақырыпта дәріс өткізілді.
Халықпен кездесу барысында Қарағанды облысы бойынша ЭТД-нің қызметкерлері қаржы пирамидасының негізгі белгілері мен түрлерін, лудоманияның зияндылығы мен салдарын, сондай-ақ интернет желісіндегі қаскүнемдердің алаяқтық іс-қимылынан қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.