Қарағанды облысы бойынша ЭТТД басшысымен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қабылдау жүзеге асырылды

Қарағанды облысы бойынша ЭТТД басшысымен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қабылдау жүзеге асырылды

2024 жылғы 04 сәуірде Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Н.Р. Төлеутай "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жеке кәсіпкерлік субъектілерін қабылдады.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру, қолда бар құзыреттер шеңберінде оларды шешу жөнінде нақты ұсынымдар әзірлей отырып, кәсіпкерлердің жүйелі проблемаларын талқылау болды.
Қабылдауда кәсіпкерлер проблемалық сұрақтарды айтты, оларға Департамент басшысы олардың құқықтарын түсіндіріп, проблемаларды шешумен толық жауаптар берді.
Бұдан басқа, аталған кездесу барысында Департаменттің адал кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың қылмыстық процеске тартылуын болдырмау және тиімділіктің шешуші көрсеткіштерінің негізгі индикаторларын түсіндіре отырып, іске асырылып жатқан "бизнесті қорғау" жобасы бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы түсіндірілді.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында жергілікті кәсіпкерлердің ЭТТД басшылығымен осындай кездесуі жүйелі негізде ұйымдастырылады, бұл бизнесті қорғаудың тиімді экожүйесін құрудағы және өңірде қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастырудағы маңызды қадамы.