Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл кеңес өткізді.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл кеңес өткізді.

2021 жылғы 6 сәуірде Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі М.Р. Саттыбаева Департаменттің жеке құрамымен қызметтік әдеп нормаларын, еңбек тәртібін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және құқық қорғау қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Сондай-ақ, covid-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша санитарлық талаптарды сақтауға, дене температурасын міндетті түрде өлшеуге, бет перде режимін сақтауға, қолды сабынмен немесе құрамында спирт бар заттармен жууға көп көңіл бөлінді.