Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнес-қауымдастық өкілдерінің ЭД және Қарағанды облысы бойынша МКД басшылығымен кездесуі өтті

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнес-қауымдастық өкілдерінің ЭД және Қарағанды облысы бойынша МКД басшылығымен кездесуі өтті

 

12.03.2021 жылы Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бастамасымен өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес-қоғамдастық өкілдерінің облыстық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен ЭД және Қарағанды облысы бойынша МКД басшылығымен кездесуі өтті.

Кәсіпкерлер палатасының отырысы бизнес субъектілеріне қатысты мамандардың төленбеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге, оның ішінде өңір кәсіпкерлерінің Қазақстан Республикасының Президентіне бейнеөтінішінде айтылған залал туралы қорытындысы бойынша қылмыстық істерді тіркеудің және тергеудің проблемалық мәселелерін талқылау мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында бизнес-қоғамдастық өкілдеріне кәсіпкерлер тарапынан құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда құқық қорғау және бақылаушы органдардың іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы бойынша КД және ДД басшылығы барлық айтылған сұрақтарға түсіндіру сипатындағы жауаптар берді.
Проблемалық мәселелерді егжей-тегжейлі қарау үшін кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы кәсіпкерлердің Қарағанды облысы бойынша МКД және Эд басшылығымен жеке жұмыс кездесулерін ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.