
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аз.Е.Р. Назарбеков "Жаңаарқа аудандық құрылыс бөлімі"ММ басшысы лауазымында жұмыс істеген кезеңде ауыр қылмыс жасау фактісі анықтады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру барысында аз.Е.Р.Назарбеков лауазымды тұлға бола отырып, 2018 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің "Жаңа-Нұр" шағын ауданында 2 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына бөлінген бюджет қаражатынаң 9 млн. теңгеден астам соманы иемденіп, ысырап еткені анықталды (тергеп-тексеру барысында келтірілген залал толық өтелді).
Ағымдағы жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен "Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімі" ММ бұрынғы басшысы Е.Р. Назарбеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-тармағы 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны толық дәлелденіп, кінәлі деп танылып 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде жаза тағайындалды