GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
25 сентября 2026
"KUS" ЖШС қызметкерлеріне дәріс жүргізілді.

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында "KUS" ЖШС-нің жұмысшылар тобына "Қаржылық пирамида салдары, дропперлік және Жасанды интеллектпен жасалып жатырған алаяқтың түрлері" бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дөңгелек үстел барысында қызметкерлер өздерінде туындаған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап алып, құқықтық көмек көрсетілді. 

29 июня 2026
Шекара қызметі департаментінің қызметкерлеріне "ЖИ теріс жағы" тақырыбында профилактикалық дәріс шарасы өткізілді

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті
қызметкерлері Атырау облысы Шекара қызметі департаментінің
қызметкерлеріне “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында “ЖИ теріс жағы”
тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның
басты мақсаты мемлекеттік және әскери қызметшілер арасында интернет
алаяқтықтан, қаржы пирамидасынан және дропперліктен қорғану шараларын
үйрету болып табылады.

 
 
25 июня 2026
Атырау: Қаржылық сауаттылық: Алаяқтардан өзіңізді қалай қорғауға болады? тақырыбында ауқымды форум өткізілді
Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бастамасымен Атырау ресурстық орталығы қолдауымен тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
 
 
Бүгін өткен «Қаржылық сауаттылық: Алаяқтардан өзіңізді қалай қорғауға болады?» форумында Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Полиция департаменті, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Атырау қаласы өңірлік өкілдер басқармасымен азаматтарға қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
 
Іс-шара барысында алаяқтардың жиі қолданатын айла-тәсілдері, күмәнді сілтемелер мен қоңыраулардан сақтану жолдары түсіндіріліп, жеке деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздікті сақтау бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық брошюралар таратылып, пайдалы жадынамалар ұсынылды.
05 июня 2026
Атырауда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

2026 жылғы 4 маусым күні Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заң талаптарын сақтауды насихаттауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мәжіліс өтті.

Іс-шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы мен басқармаға қарасты «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысындағы имамдары, сондай-ақ «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының мамандары қатысты.

Мәжілісті Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ. Мұсаев ашып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттырудың, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтерудің және заң талаптарын сақтау қағидаттарын нығайтудын маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Б. Әнесов пен басқарманың аға жедел уәкілі Б. Қанатбеков сөз сөйлеп, қаржылық қауіпсіздік, қаржылық пирамида, дропперлік, экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері және олардан қорғану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ модераторлар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы әрекет ететін алаяқтардың азаматтарды арбаудың түрлі тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Әсіресе соңғы уақытта кеңінен қолданылып жүрген жасанды интеллект технологияларын (дипфэйк, дауысты қолдан жасау және т.б.) пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге ерекше назар аударылып, олардың белгілері мен сақтану жолдары түсіндірілді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық әрі нақты жауаптар алды. Пікір алмасу алаңында ақпараттық қауіпсіздік, діни алаяқтық фактілерінің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардын қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заманауи қауіп-қатерлердің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

05 июня 2026
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Әнұран шырқалды

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер
күніне орай Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру
департаментінде салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында департамент қызметкерлері Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірлесіп орындап, елдің
басты мемлекеттік нышандарына деген құрметтерін білдірді. Бұл
патриоттық шара мемлекеттік рәміздердің маңызын дәріптеуге,
қызметкерлер арасында отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталды.

29 мая 2026
📌 АТЫРАУДА «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ТЕРІС ЖАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

https://www.instagram.com/reel/DY4SHw1NE7h/?igsh=MW9wMXE3aXZhc3VzdA== 

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы қызметкерлеріне «Жасанды интеллекттің теріс жағы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қоғам өмірінің барлық саласына қарқынды еніп жатқаны айтылды. Сонымен қатар, бұл бағыттағы оң мүмкіндіктермен қатар, құқықтық, қаржылық және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты тәуекелдер де кеңінен талқыланды.

Жиынның негізгі мақсаты – жасанды интеллект технологияларын пайдалану кезінде туындауы мүмкін қауіптердің алдын алу, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ сала мамандарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шараға қатысқан спорт ұйымдарының басшылары мен есепшілеріне цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау және ақпараттық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша маңызды ақпараттар ұсынылды.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі қауіпсіз пайдалану – қазіргі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

13 мая 2026
"ЖИ теріс жағы" тақырыбында С.Өтебаев атындағы Мұнай және Газ университетінде студенттерге арналған форум ұйымдастырылды. Толығырақ:

https://www.instagram.com/reel/DXE9wnnCAzj/?igsh=MWx0NHBmN29yZWM0dw== https://www.instagram.com/reel/DXE9wnnCAzj/?igsh=MWx0NHBmN29yZWM0dw== 

13 мая 2026
Азан радиосына "Қаржылық пирамида" таұырыбында профилактикалық ақпарат берілді. Толығырақ:

https://www.instagram.com/reel/DWUJNLnDMM8/?igsh=ZzhpZXMxcTh5ZnNs 

13 мая 2026
Наурыз мерекесі атап өтілді. Толығырақ:

https://www.instagram.com/p/DWL6vvEjPKB/?img_index=7&igsh=MTljbjZsMDgwZWt6Mg==

13 мая 2026
Өңірдің Қаржылық пирамида ахуалы туралы. Толығырақ:

https://youtu.be/Hr4_EMm3vI4?si=0ceyw8Ufp0A6UEcc 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы