Заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимылдар туралы» - тақырыбында ӨКҚ алаңында баспасөз брифингі өтті.

Заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимылдар туралы» - тақырыбында ӨКҚ  алаңында баспасөз брифингі өтті.

Заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимылдар туралы» - тақырыбында ӨКҚ алаңында баспасөз брифингі өтті.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиев казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында (Қонаев қ.) және Ақмола облысында (Щучье ауданы) орналастырылуға жататынын атап өтті. Басқа жерлерде оларды ашу заңсыз болып табылады.

«Ойын бизнесі қоғамға үлкен зиян келтіреді. «Жеңіл» ақшаны бірден ұтып аламын деген үмітпен адамдар көбінесе казино мен ойын автоматтарына жалақысы мен қолында барының бәрін қалдырады. Жедел-тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, анықталған заңсыз жерасты казинолары мен ойын мекемелеріне негізгі келушілер жастар болып отыр», - деді Сабырғали Балғалиев.

Осыған байланысты қала жастары арасында лудоманияның алдын алу үшін Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасымен бірлескен жоспарға қол қойылды.

Брифингке қатысқан Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Кажденбек ойынға тәуелділік мәселесі өте өзекті екенін және ол әлеуметтік салдардың тұтас кешенін тудырғанын атап өтті. Осыған байланысты кешенді жоспар құру қажеттілігі анықталды, оның шеңберінде семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, жәрмеңкелер, жастар мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары мен конкурстар өткізіледі.

«Біздің мақсатымыз – қала жастары үшін қауіпсіз және салауатты болашақты қамтамасыз ету екенін тағы да атап өткім келеді. Тек бірігу арқылы ғана біз қауіпсіз болашақты қамтамасыз ете аламыз», - деп қорытындылады А. Кажденбек.