ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментінде Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Қаржылық мониторинг органдарының ардагерлері қатысты.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Данияр Мейрамұлы Ақжанов соғыс ардагерлерін жеке өз атынан және Департаменттің жеке құрамы атынан Жеңіс үшін қосқан үлестеріне алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері 28 гвардяшылар –Панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.
Салтанатты іс-шара арнайы ұйымдастырылған мерекелік концертпен аяқталды.