Алматы облысындағы "Қымызмұрындық" мерекесі келушілер
үшін тек ұлттық дәстүрді дәріптеп, демалатын орын ғана емес,
сонымен қатар пайдалы ақпарат алып, қаржылық қауіпсіздік туралы
білімдерін толықтыруға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Іс-шара аясында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің
қызметкерлері тұрғындар арасында қаржылық алаяқтықтың және
экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында
ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Келушілерге қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы ақпараттық
флаерлер таратылып, интернет-алаяқтық пен қаржы
пирамидаларының қауіптері туралы бейнероликтер көрсетілді.
Сондай-ақ мамандар азаматтарға кеңес беріп, алаяқтардың
айла-тәсілдерінен сақтану жолдарын түсіндірді.
Жалпы профилактикалық іс-шаралармен 35 мыңға жуық адам
қамтылды.
Мұндай жұмыстар халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға
және экономикалық қылмыстардың алдын алуға бағытталған.
Праздник «Қымызмұрындық» в Алматинской области стал для
его гостей не только местом отдыха и знакомства с национальными
традициями, но и возможностью получить полезную информацию о
финансовой безопасности.
В рамках мероприятия сотрудники Департамента экономических
расследований провели широкомасштабную информационно-
разъяснительную работу, направленную на профилактику
экономических правонарушений и финансового мошенничества.
Посетителям были розданы информационные флаеры,
продемонстрированы видеоролики о наиболее распространенных
схемах интернет-мошенничества и финансовых пирамид, а также
даны практические рекомендации по защите от действий
злоумышленников.
Всего профилактическими мероприятиями было охвачено
порядка 35 тысяч человек.
Подобные акции способствуют повышению финансовой
грамотности населения и предупреждению экономических
преступлений.
🏦 ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Усть-Каменогорск инерт» ЖШС атынан жалған шот-фактуралар рәсімдеумен айналысқан бір топ тұлғаның заңсыз әрекетін тоқтатты
Тергеу амалдарына сай, 2023 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау ниетінсіз, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.
Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоса алғанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған.
Аталған заңсыз схемаға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салықтық бақылаудан кедергісіз өту үшін қажетті жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен.
⚠️ Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі 356 млн теңгені құрады.
Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 млн теңгеден астам ірі залал келтірілген.
🧑⚖️ Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір автокөлігіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/hXyjMBupoqa5Xg
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
🏦 ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады
Тергеу амалдарына сай, 2018–2023 жылдар аралығында «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС мен «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» ЖШС құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған.
🚨 Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де байланысы бар тұлғалар қатысқан.
Азаматтар оқу орындарына формалды түрде қабылданғанымен, іс жүзінде білім алмаған. Бұл мемлекеттік білім беру тапсырысы және кадрларды қайта даярлау бағдарламалары аясында бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік берген.
Схема жалған оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтарды рәсімдеу, құжаттарды растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану, сондай-ақ орындалған жұмыстар туралы жалған актілер жасау арқылы жүзеге асырылған.
Сонымен қатар, медициналық колледждің ақылы бөлімінде оқыған студенттердің бір бөлігі мемлекет есебінен білім алушылар ретінде рәсімделгені анықталды.
Бұдан бөлек, «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаражатын алу үшін формалды құрылым ретінде пайдаланылған.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 1,3 млрд теңгеден асты.
⚠️ Бір қызығы, схеманы ұйымдастырушы бұған дейін жасаған жымқыру фактісі үшін соңғы үш жыл бойы бас бостандығынан айыру орындарында бола тұра, заңсыз әрекеттерді сол жерден басқарған.
Тергеу барысында күдіктілер 65 млн теңге көлеміндегі залалды ерікті түрде өтеген.
🧑⚖️ Сот санкциясымен 3 пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, 3 тұрғын үйге және 3 автокөлікке тыйым салынды.
👨⚖️ Екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, тағы үш тұлғаға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/ftaMWcdj-J1-kw
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
🏦 ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын заңсыз әкелу фактісі бойынша тергеуді аяқтады
Тергеу амалдарына сай, бір топ адам бақылауындағы ЖШС-тер арқылы «Евро-2» экологиялық класына жататын FAW маркалы жүк көліктерін Қазақстан аумағына заңсыз импорттауды ұйымдастырған.
Импорт қолданыстағы «Евро-4»-тен төмен стандарттағы техниканы әкелуге тыйым салынғанына қарамастан жүзеге асырылған.
Техника Қытай Халық Республикасынан сыртқы экономикалық келісімшарттар негізінде жеткізіліп, кейін кедендік рәсімдеу кезінде жалған мәліметтер пайдаланылған.
Атап айтқанда, көлік құралдарының қауіпсіздік сертификаттары (СБКТС) қолдан жасалып, онда әдейі «Евро-5» экологиялық класс көрсетілген.
Нәтижесінде Қазақстан аумағына 20 бірлік арнайы техника заңсыз әкелінген.
Олардың жалпы кедендік құны 284 млн теңгеден асқан.
Кейін бұл техника байланысы бар компаниялар тізбегі арқылы сатылып, мемлекеттік сатып алу аясында 600 млн теңгеден астам сомаға жеткізілген.
🧑⚖️ Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне: 9 автокөлік пен бір пәтерге тыйым салынды.
👨⚖️ Күдіктілердің бірі қамауға алынды, ал оның екі сыбайласына қатысты елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
⚠️ Айта кету қажет, экологиялық стандарттарға сай келмейтін көліктерді заңсыз әкелу қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. «Евро-2» класына жататын техника «Евро-4» және «Евро-5» стандарттарына қарағанда әлдеқайда көп зиянды заттар бөліп, ауа сапасының нашарлауына және халық денсаулығына қауіп төндіреді.
Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/V0lHkZsEgSwcfw
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
➡️ Дмитры Дружинскы, 1970 жылғы 27 маусымда туған, Америка Құрама Штаттарының азаматы
➡️ Марина Левкович (Гинзбург), 1985 жылғы 8 қарашада туған, Украина азаматы.
Соттың санкциясымен аталған тұлғаларға қатысты сырттай «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Олар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
Тергеу барысында «PIN-UP» және «PINCO» брендтерімен жұмыс істеген онлайн-казино қызметін шетелден әрекет еткен, байланысы бар компаниялар желісі арқылы ұйымдастырған адамдар тобы басқарғаны анықталды.
Д.Дружинскы мен М.Левкович координаторлық функцияларды атқарып, сыбайластарды іріктеумен, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекеттесумен, сондай-ақ ақша қабылдау мен шығару процесін қамтамасыз еткен төлем инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуіне қатысқан.
Заңсыз қызметті бүркемелеу мақсатында «PIN-UP.KZ» брендімен букмекерлік қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған «Бонами» ЖШС заңды тұлғасы құрылған.
Қаржылық сүйемелдеу үшін онлайн-казиноның төлем агрегаторлары функцияларын атқарған «Gold Pay» ЖШС және «Cyber Pay» ЖШС (кейіннен — «Pinnacle Financial Solutions» ЖШС) қоса алғанда, төлем ұйымдарының желісі тіркелді.
Онлайн-казино клиенттерінен түскен қаражат транзиттік шоттарда жинақталып, кейін электрондық ақша операцияларына лицензиясы бар байланысы компаниялар арқылы криптовалютаға айырбасталған.
Егер іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 📞 +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім
Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/SZ8ixepOwbi9sQ
📞 Call-center: 1458
_____
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Еске салсақ, Алматы облысы Іле ауданының "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі келіп түскен.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің "Telegram" мессенджерін пайдаланып, Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені белгілі болды.
Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды.
Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді.
Сонымен қатар, 77,1 кг есірткі құралдар, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 «Тропикамид» көз тамшылары тәркіленді.
Қаржылық мониторинг агенттігі есірткі контрабандасы қатаң қылмыстық жауапкершілікті көздейтін ауыр қылмыс екенін еске салады.
Егер сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
1100-ден астам мемлекеттік мекемелер (мектептер, балабақшалар, ауруханалар, балалар үйі және т.б) азық-түлікті жоғары бағамен сатып алған.
2024 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі азық-түлік бағаларын көтерудің 817 жағдайын анықтаған, оларға қатысты материалдар өңірлік комиссияларға тапсырылды.
685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары қайта қаралып, нәтижесінде 370 млн теңгеден астам қаржы үнемдеуге себін тигізді.
Агенттік мемлекеттік мекемелердің азық-түлік сатып алу қызметін қадағалап, "алып-сатарлық" схемаларды анықтауға бағытталған жобаны жүзеге асыруда. Бұл жұмыс кәсіпорындардың қызметіне араласусыз, тек IT құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды, 11 млн теңге көлемінде айыппұл төленді.
Осылайша, Ақтөбе облысының 80 балабақшасында ҚМА Департаменті қабылдаған шаралары нәтижесінде қарақұмықтың, картоптың, сәбіздің, қанттың, жұмыртқаның және тұздың бағасы төмендетілді.
Мәселен, бір кәсіпкер балабақшаға қарақұмықтың бағасын 500%-дан астам көтеріп жеткізіп берген.
Қостанайда 117 әлеуметтік мекеме қарақұмықты, қантты, пиязды, картопты және жұмыртқаны 180%-ға дейін үстемақы қосып сатып алғаны анықталды. ҚМА Департаментінің араласуынан кейін Қостанай облысындағы барлық мемлекеттік мекемелерде қосымша келісімшарттар жасалып, нәтижесінде 60 млн теңгеге жуық қаржы үнемделді.
Осындай жұмыстар Астанада және Қарағанды облысында 175 балабақшада да жүргізіліп, 100 млн теңгеден астам қаржы үнемделді.
ҚМА мемлекеттік мекемелер өнім өндірушілерден және ірі көтерме саудагерлерден тікелей сатып алу, сауда үстемақыларын асыра көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту, заңсыз алынған табыс көлеміне пара-пар айыппұлдар қолдану сияқты бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бірқатар кешенді шаралар әзірледі.
ҚМА азаматтардың назарын валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығына аударады.
Желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер таратылады.
Бұл бейнероликтер адамдар тиісті назар аудармай, шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшадан ажырата алмайтынын және заңсыз операцияларға қатысу сияқты жағымсыз салдарға әкеп соғатынын көрсетеді.
2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірді.
Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асты.
Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталған. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ақшалай операциялар кезінде банкноталарды тексеріңіз. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтері, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз.
Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болып қалмау және қылмыстық қудалауға түспеу үшін, бөтен адамдармен ақша алмастырып, валюта айырбастау бойынша қолайлы курс ұсынса да делдалдармен мәміле жасамағаныңыз дұрыс.
Сақ және абай болыңыздар! Егер жалған немесе күмәнді банкноталарды тапсаңыз оны сатуға тырыспаңыз. Дереу ҚМА немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына хабарласып, қажетті тексерулерді жүргізгеніңіз жөн.
«Дроптар» – бұл банктік карталар мен шоттарды рәсімдеу үшін қолданылатын жалған тұлғалар.
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірістерді заңдастыру мақсатында 6,2 мың «дроп-карталардың» пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті.
Интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында кәсіби жылыстаушылар үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған.
Көбінесе «дроп-карталар» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған.
Іс жүзінде «дроптар» деп аталатындар халықтың осал топтарына жататын адамдар болды (жұмыссыздар, студенттер, зейнеткерлер және басқалар), олар қылмыстық схемалардағы рөлдерінің барлық салдарын түсінбейді.
Мұндай карталардың иелерінің 90%-дан астамы резидент емес тұлғалар болған. Олар туралы ақпарат шетелдік мемлекеттердің құқық қорғау органдарына берілді.
Мұндай заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі уәкілетті органдармен бірлесіп келесі шараларды қабылдады:
- банктік карталарды үшінші тұлғаларға беру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер бастамашылық етілді;
- күдікті шоттардағы қаражатты «тоқтату» және қашықтықтан банктік қызмет көрсетуді өшіру механизмі енгізілді;
- бір клиентке берілетін банктік карталардың санын шектеу және 10 немесе одан да көп карталары бар клиенттерге тексерістер күшейтілді;
- күдікті операцияларды анықтау және күмәнді клиенттерді қаржы мониторингінің субъектілерінің қызметтерінен ажырату үшін типологиялар әзірленді.
Құрметті азаматтар, Қаржылық мониторинг агенттігі банктік карталар мен шоттарды пайдалану арқылы заңсыз схемаларға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылу қаупі бар екенін ескертеді.
Күмәнді қаржылық операцияларға қатысудан сақ болуға шақырамыз. Егер сізге қаражат аударғаныңыз үшін жеңіл табыс ұсынса, бұл қылмыстық схеманың бөлігі болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда барлық байланыстарды тоқтатып, құқық қорғау органдарына хабарлауыңыз қажет.
Сіздің сақтығыңыз бен мұқияттылығыңыз – елдің қаржылық қауіпсіздігінің кепілі!