🔰 Қаскелеңде заңсыз құрылыс: 100-ден астам салымшы зардап шекті 🔰Незаконная стройка: более 100 дольщиков пострадали в Каскелене

🔰 Қаскелеңде заңсыз құрылыс: 100-ден астам салымшы зардап шекті 🔰Незаконная стройка: более 100 дольщиков пострадали в Каскелене
 
Қаскелеңде заңсыз құрылыс: 100-ден астам салымшы зардап
шекті
Қаржылық
мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша
департаменті
Қаскелең
қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің
құрылысы кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша
тергеуді аяқтады.
Тергеу кезінде «Торедо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
басшылары 2021-2023 жылдары құрылысқа рұқсатсыз – яғни
лицензиясыз,
қажетті
құжаттарсыз
және
жобалық-сметалық
құжаттамасыз – жұмыс істегені белгілі болды.
Соған қарамастан, олар «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU»,
«НOME МAK» тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді
түрде жарнамалаған.
Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының міндетті кепілдігі
болмағанына қарамастан, олар жарнама арқылы 100-ден астам
азаматтан 972 млн теңге жинаған.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмей,
белгіленген мерзімде аяқталмаған. Бұл жағдай үлескерлердің жаппай
құқық қорғау органдарына жүгінуіне себеп болды.
Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне
тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік,
аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда.
Іс сотқа жіберілді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа
мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
 
 
Незаконная стройка: более 100 дольщиков пострадали в
Каскелене
Департаментом АФМ по Алматинской области окончено
расследование по факту мошенничества в особо крупном размере при
строительстве многоквартирных жилых домов в г.Каскелен.
Расследованием установлено, что руководители ТОО «Торедо» в
период 2021-2023 годы, не имея лицензии на строительство,
разрешения и проектно-сметной документации, активно рекламировали
в социальных сетях строительство жилых комплексов «НОМЕ», «НОМЕ
Южный», «НОМЕ SAU», «НОМЕ МAK».
Несмотря на отсутствие обязательной гарантии Единого оператора
жилищного строительства, они за счет таргетированной рекламы
привлекли от более 100 граждан 972 млн тенге.
При этом строительные работы проведены с нарушениями и в
установленные сроки не завершены, что послужило основанием для
массового обращения дольщиков в правоохранительные органы.
С санкции суда наложен арест на имущество подозреваемых
стоимостью свыше 240 млн тенге, в том числе 12 земельных участков,
9 автотранспортных средств, недостроенное трехэтажное здание и
частный дом.
В настоящее время подозреваемые находятся под стражей.
Дело направлено в суд.
Иная информация в соответствии со ст.201 Уголовно-
процессуального кодекса разглашению не подлежит.
ПРЕСС-СЛУЖБА АФМ