
Қаржылық мониторинг агенттігімен Алматы көлік прокуратурасының үйлестіруімен аса ірі көлемде «көксерке филесі» балық өнімінің контрабандасы дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолдаумен аяқталды.
Тергеу барысында 2021 жылдың қазаннан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін заңды тұлғаның басшысы шетелдік компаниялар алдындағы міндеттемелерін орындау мақсатында заңсыз ауланған көксерке балығын сатып алып, оның өнімін Еуроодақ елдеріне экспорттағаны анықталды.
Экспортқа рұқсат беру құжаттарын алу үшін, ЖШС басшысы жасанды өсіруді жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығынан алынған, балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттарды пайдаланды.
Заңсыз экспортталғын балық өнімінің жалпы құны 200 млн теңгеден асады.
Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.
Алматы облысы бойынша ЭТТД