3 млрд. теңгеден астам залал келтіргені үшін мамандандырылған ХҚКО қызметкері қамауға алынды

3 млрд. теңгеден астам залал келтіргені үшін  мамандандырылған ХҚКО қызметкері қамауға алынды

Қаржылық мониторинг Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментімен, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпаратты енгізу арқылы жүк көліктерін құқыққа сыйымсыз тіркеу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеп-тексеру барысында 2022 жылдың наурыз айы мен қыркүйек айларының арасында Қонаев қаласы «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған ХҚКО қызметкері, 413 жүк көлігінің бастапқы тіркеуін жүргізу барысында, көлік құралдарының санатына қатысты «ХҚКО» ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған ақпаратты енгізіп, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3 155 962 050 теңге көлемінде көлік құралдарын бастапқы тіркеу алымы түспеген.    

Аталған азаматқа қатысты, Тергеу сотымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.

 

 

Алматы облысы бойынша ЭТТД