Алматы облысының мектепке дейінгі мекемелеріне жеткізілетін, азық-түлік тауарларының сатып алу бағасы төмендетілді

Алматы облысының мектепке дейінгі мекемелеріне жеткізілетін, азық-түлік тауарларының сатып алу бағасы төмендетілді

Қаржылық мониторингі агенттігі бюджет қаражатын мақсатсыз және тиімсіз жұмсау фактілерін алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.

         Жүргізілген жұмыс барысында тәрбиеленушілері 120-дан астам кәмелетке толмаған балаларды құрайтын, Алматы облыстық қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығында (бұрынғы облыстық балалар үйі) азық-түлік өнімдерін жоғарылатылған бағамен сатып алу фактілері анықталды.

         Атап айтқанда, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгіленген, ол өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15% аспауы тиіс.

         Осыған қарамастан, жеткізуші-компания 1 сұрыпты ұннан жасалған нанды 140 теңгеден сатып алып, балалар үйіне 354 теңгеге жеткізіп отырған, яғни 153%сауда үстемесімен.

         Сол сияқты, тауарлық бағаны едәуір асыра отырып: қарақұмық – 145% үстемемен (281 теңгеден сатып алынғанымен балалар үйіне, 687 теңгеден өткізілді), күнбағыс майы – 63% үстемемен (литрі 600 теңгеге алынып, 977 теңгеге жеткізілген), құмшекер – 38% үстемемен (350 теңгеге алынып 480 теңгеге жеткізілген) және басқа да азық-түлік өнімдері жеткізілген.

         Қабылданған шаралар нәтижесінде өнім беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, балалар үйімен жасалған жеткізу шарты 1,5 млн теңгеге азайтылып қайта қаралды.

         Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып облыстағы барлық мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен кездесу өткізіп, онда жеткізілім шарттарын сауда белгісін сақтау туралы заңының талабын ескере отырып, қайта қарау туралы шешім қабылданды.

         Қабылданған шешім аясында қазірдің өзінде бірқатар балабақшалар, жеткізушілермен қосымша келісім-шартқа отырып сатып алу құны 3,9 млн теңгеге түсірілді, жұмыстар жалғасуда және бақылауда.

         Бұл шаралар, қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол бермеуге және үнемделген қаржыны әлеуметтік қажеттіліктерге бағыттауға мүмкіндік берді.

         Қаржылық мониторингі агенттігі «AФM Insider» телеграм ботына экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін еске салады.

Алматы облысы бойынша ЭТТД