Алматы облысында аса ірі көлемде есірткі заттары контрабандасының алды алынды

Алматы облысында аса ірі көлемде  есірткі заттары контрабандасының алды алынды

Қаржылық мониторинг агенттігімен аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Жүргізілген жедел-іздестіру әрекеттерімен, Алматы облысы Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өніміканнабис эксракты (гашиш майы) салынған жөнелтілім келіп түскені анықталды.

Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және т.б. анықталды. 

Аталған азаматты Тергеу соты қамауға алды, тергеп-тексеру жалғасуда. ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.  Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.

 

Алматы облысы бойынша ЭТТД