
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркемені кіргізілгендігі анықталды, бұл мемлекетке 180 млн.теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн. теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді.
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды.
Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.
Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.
Алматы облысы бойынша ЭТТД