Алматы облысында мемлекеттік қызметтер үшін жасалған төлемдерді жымқыру мән-жайы анықталды

Алматы облысында мемлекеттік қызметтер үшін  жасалған төлемдерді жымқыру мән-жайы анықталды

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. 

Тергеп-тексерумен Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғандығы анықталды.

Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.    

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді. 

Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.

 

 

Алматы облысы бойынша ЭТТД