🏦 ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактісі бойынша тергеуді аяқтады. 🏦 Департаментом АФМ по г.Алматы окончено расследование по факту незаконной постановки на регистрационный учет транспортных средств

🏦 ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактісі бойынша тергеуді аяқтады. 🏦 Департаментом АФМ по г.Алматы окончено расследование по факту незаконной постановки на регистрационный учет транспортных средств

Алматыда автокөліктерді заңсыз тіркеу схемасына қатысушыларға сот үкімі шықты

 

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Үш жыл бойы бір топ адам Алматы қаласындағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің көмегімен көліктерді бастапқы тіркеу үшін белгіленген алымдарды төлемей, жалған тіркеу жүргізіп отырған.

Схема ұйымдастырушылары алым төлеуден жалтарғысы келетін автокөлік иелерін іздеген делдалдар арқылы әрекет еткен.

Заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында көліктер жалған тұлғалардың атына рәсімделген.

Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, көлік құралдарын заңсыз тіркеуді қамтамасыз еткен.

Нәтижесінде 132 автокөлік заңсыз тіркеуге қойылылып, мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

Тергеу барысында 273 миллион теңге көлеміндегі алымдар ерікті түрде өтелді.

Сот үкімімен үш кінәлі тұлға 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 7 автокөлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Суд в Алматы вынес приговор участникам схемы незаконной регистрации автомобилей

 

Департаментом АФМ по г.Алматы окончено расследование по факту незаконной постановки на регистрационный учет транспортных средств.

В течение трех лет группа лиц при содействии сотрудников СпецЦОНа г. Алматы обеспечивала фиктивную регистрацию автомашин, минуя уплату установленных сборов за первичную регистрацию.

Организаторы схемы действовали через посредников, которые подыскивали владельцев автомобилей, желавших избежать уплаты сборов.

 Для прикрытия противоправных действий использовались подставные лица, на имена которых оформлялись документы и регистрационные записи.

Далее сотрудники СпецЦОНа, используя доступ к информационной системе, вносили заведомо ложные сведения, обеспечивая незаконную регистрацию транспортных средств.

В результате на учёт незаконно поставлены 132 автомашины, государству причинён ущерб на сумму свыше 1,2 млрд тенге.

В ходе следствия добровольно возмещены сборы на сумму 273 млн тенге.

Приговором суда трем виновным назначено наказание в виде лишения свободы от 3 до 4 лет 6 месяцев, а также конфискованы 7 автомашин, приобретённые на преступные доходы. 

Приговор вступил в законную силу.