🏦 ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті көлік прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. 🏦 Департаментом АФМ по Кызылординской области при координации транспортной прокуратуры окончено расследование в отношении руководства ТОО «СПК Кызылорда Балык»

🏦 ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті көлік прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. 🏦 Департаментом АФМ по Кызылординской области при координации транспортной прокуратуры окончено расследование в отношении руководства ТОО «СПК Кызылорда Балык»
Қызылорда облысынан Еуропаға 75 тоннадан астам
көк серке еті заңсыз экспортталған
ҚМА
Қызылорда облысы бойынша департаменті
көлік
прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС
басшылығына қатысты тергеуді аяқтады.
2022 жылы аталған кәсіпорынның лауазымды тұлғалары кеден
органдарына жалған мәліметтер ұсынып, құны 254 миллион теңге
болатын жалпы салмағы 75 тоннадан асатын көк серке етін Еуропалық
одақ елдеріне заңсыз экспорттаған.
Балық өнімдерінің заңды шығу тегін көрсету мақсатында кәсіпорын
шын мәнінде балық өсіру немесе ұстау жағдайлары болмаған өзімен
байланысы бар тұлғалар мен шаруашылықтардан балық сатып
алынғаны жөнінде жалған құжаттар ресімдеген.
Тексеру барысында бұл шаруашылықтардағы су айдындарының
толықтай кеуіп қалғаны, ал құжаттарда көрсетілген жүк көліктерінің
тасымалдау қызметін іс жүзінде атқармағаны және тоңазытқыш
жабдықтармен қамтамасыз етілмегені анықталды.
Сонымен қатар, тергеу барысында жалған шот-фактуралар
жазылғаны және балық өнімдерін тасымалдауға заңсыз ветеринарлық
анықтамалар берілгені дәлелденді.
Сот үкімімен кәсіпорынның құрылтайшысы А. Ерхатов және
директоры Л. Қайыпназарова кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас
бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Мемлекет пайдасына 254 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс
өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
 
Более 75 тонн филе судака незаконно экспортировали
в Европу из Кызылординской области
Департаментом АФМ по Кызылординской области
при
координации транспортной прокуратуры окончено расследование в
отношении руководства ТОО «СПК Кызылорда Балык».
В 2022 году должностные лица предприятия, предоставив в
таможенные органы недостоверные сведения, организовали экспорт
филе судака общим весом более 75 тонн на сумму 254 млн тенге в
страны Европейского союза.
Для придания законного вида происхождению рыбной продукции
предприятие оформляло фиктивные документы о приобретении рыбы у
аффилированных лиц и хозяйств, не имевших фактических условий
для разведения или выращивания рыбы.
Так, водоёмы на территории хозяйства были полностью
пересохшими, а указанные в документации грузовики фактически не
осуществляли перевозку и не были оснащены холодильным
оборудованием, необходимым для транспортировки охлаждённой
рыбы.
Кроме того, в ходе расследования установлены факты выписки
фиктивных счетов-фактур и неправомерной выдачи ветеринарных
справок на перевозку рыбной продукции.
Приговором суда учредитель предприятия Ерхатов А. и директор
Кайыпназарова Л. признаны виновными и осуждены к ограничению
свободы сроком на 2 года.
В пользу государства взыскан преступный доход в размере 254
млн тенге.
Приговор суда в законную силу не вступил.