
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Ғабиден Арман «Q University» ұйымдастырған «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы “Дропперлік үшін жауапкершілік” тақырыбындағы қойялымдық сот процесіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды сот және құқық қорғау органдарының қызметімен тәжірибе жүзінде таныстыру, әділ сот төрелігі қағидаттарын көрсету және заңды сақтау маңыздылығын түсіндіру болды.
Сарапшы ретінде сөз сөйлеген Департамент өкілі экономикалық қылмыстарды тергеу тетігін түсіндіріп, қаржылық бұзушылықтарды анықтаудың заманауи әдістері туралы баяндады.
Қойылымдық сот процесі қатысушыларға істерді қарау тәртібін тереңірек түсінуге, сот отырысының әрбір қатысушысының рөлін бағалауға және заңды сақтау үшін жеке жауапкершіліктің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.
В целях повышения правовой грамотности граждан следователь по особо важным делам Департамента экономических расследований по Алматинской области принял участие в постановочном судебном процессе про ответственность за Дропперство, организованном “Q University” в рамках нарратива «Закон и порядок».
Мероприятие было направлено на практическое ознакомление участников с деятельностью судебных и правоохранительных органов, демонстрацию принципов справедливого правосудия и важности соблюдения законодательства.
Выступая в роли эксперта, представитель Департамента пояснил механизм расследования экономических преступлений и рассказал о современных методах выявления финансовых нарушений.
Постановочный судебный процесс позволил участникам лучше понять порядок рассмотрения дел, оценить роль каждого участника судебного заседания и осознать важность личной ответственности за соблюдение закона.