🏦 ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен банктік шотты заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. 🏦 Департаментом АФМ по ЗКО при координации прокуратуры проводится расследование по факту незаконного приобретения доступа к управлению банковским счетом с целью осуществления незаконных платежей и перевода денег.

🏦 ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен банктік шотты заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.  🏦 Департаментом АФМ по ЗКО при координации прокуратуры проводится расследование по факту незаконного приобретения доступа к управлению банковским счетом с целью осуществления незаконных платежей и перевода денег.

Орал қаласында азаматтарды «дропперлікке» тартқан топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды

 

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
банктік шотты заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы
рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Ұйымдастырушылар уақытша табыс табу ретінде жастарға екінші деңгейлі банктерден өз атына шот ашуды ұсынған.

Интернет-банкингтің мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру қылмыскерлердің бақылауына өткен.

Мұндай әрекеттерге қатысқан тұлғалар – «дропперлер» 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырған.

Олардың атына ашылған шоттар арқылы
интернет-алаяқтық құрбандарынан түскен қаражат аударылып отырған.

Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 млн теңгеден астқан.

Эпизодтардың бірінде банктік картасы бұғатталғаннан кейін
бір дроппер заңсыз әрекеттерге қатысудан бас тартқан.

Қылмыстық топтың қатысушылары оны күштеп ұстап,
қорқытып, шотқа қайта кіруді қалпына келтіруді талап еткен.

Қазіргі уақытта ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып,
соттың санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес
өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салсақ, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына заңсыз қолжетімділікті беру, тарату не иелену үшін жауапкершілікті белгілейтін232-1-бап енгізілді.

Бұл бап мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

 

В г. Уральск пресечена деятельность группы, вовлекавшей граждан в дропперство

 

Департаментом АФМ по ЗКО проводится расследование по факту незаконного приобретения доступа к управлению банковским счетом с целью осуществления незаконных платежей и перевода денег.

Организаторы схемы под видом временной подработки предлагали молодым гражданам открыть счета в банках второго уровня на свое имя.

После установки мобильных приложений интернет-банкинга на устройства злоумышленников доступ к счетам переходил под их контроль.

За участие в таких действиях вовлечённые лица, так называемые «дропперы», получали вознаграждение в размере от 200 до 350 долларов США.

Через данные счета переводились денежные средства, поступавшие от граждан, ставших жертвами интернет-мошенничества.

Общий объём незаконных операций составил свыше 17 млн тенге.

В одном из эпизодов, после блокировки банковской карты, один из дропперов отказался от дальнейшего участия в противоправных действиях.

С целью получения доступа к средствам участники преступной группы похитили его и, угрожая расправой, требовали восстановить доступ к счёту.

В настоящее время организатор признан подозреваемым, в отношении него избрана мера пресечения в виде содержания под стражей.

Расследование продолжается.

Иная информация в порядке ст.201 Уголовно-процессуального кодекса РК разглашению не подлежит.

Напомним, 16 сентября 2025 года в Уголовный кодекс введена новая статья 232-1, устанавливающая ответственность за дропперство - незаконное предоставление, передачу или приобретение доступа к банковскому счету, платежному инструменту либо идентификационному средству.

Данная статья предусматривает наказание до 7 лет лишения свободы с конфискацией имущества.