🏦 ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Үміт Самғау» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. 🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту создания и руководства финансовой пирамидой «Үміт Самғау»

🏦 ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Үміт Самғау» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. 🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту создания и руководства финансовой пирамидой «Үміт Самғау»

Қарағандыда қайырымдылық атымен жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкереленді

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті
«Үміт Самғау» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Компания өз қызметін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы түрінде көрсеткен.

Азаматтарға салған қаражатының 300%-дан 800%-ға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде беріліп, әртүрлі «салым түрлері» ұсынылған.

Жоба шарттары бойынша – салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған.

Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес,
жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген.

Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дропперлер» ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банктік карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 млн теңгеден астқан.

Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

 

В Караганде пресечена финансовая пирамида под видом благотворительности

 

Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту создания и руководства финансовой пирамидой «Үміт Самғау».

Компания осуществляла деятельность под видом благотворительного проекта, якобы оказывающего помощь одиноким матерям, многодетным семьям и малообеспеченным гражданам.

Гражданам предлагались различные виды «вкладов» с обещанной доходностью от 300% до 800% от вложенной суммы.

Условия проекта предполагали: чем выше сумма вложения, тем выше потенциальная прибыль.

Выплаты участникам производились не за счёт реального бизнеса, а за счёт средств новых вкладчиков.

В схеме участвовали родственники и знакомые организатора, выступавшие в роли «дропперов» — их счета применялись для приёма денежных средств от вкладчиков через терминалы и банковские карты.

В результате в пирамиду вовлечено свыше 400 граждан, а общий объём привлечённых средств превысил 100 млн тенге.

С санкции суда наложен арест квартиру и автомашину подозреваемой.

Расследование продолжаются.

Иная информация в соответствии со ст.201 УПК РК разглашению не подлежит.