🏦 FinIQ қаржылық қауіпсіздік жөніндегі республикалық диктант өз мәресіне жетті. 🏦 Завершился Республиканский диктант по финансовой безопасности FinIQ

🏦 FinIQ қаржылық қауіпсіздік жөніндегі республикалық диктант өз мәресіне жетті. 🏦 Завершился Республиканский диктант по финансовой безопасности FinIQ

🏦 FinIQ қаржылық қауіпсіздік жөніндегі республикалық диктант өз мәресіне жетті

«Заң және Тәртіп» нарративі аясында Қаржылық мониторинг агенттігі Білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған ауқымды FinIQ акциясы еліміз бойынша шамамен 3 миллион қатысушыны — мектеп оқушыларын, студенттерді, ересек азаматтарды және қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметкерлерін біріктірді.

Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімдерін тексеріп, 20 сұрақтан тұратын интерактивті тесттен өтті. Тестте «дроптар деген кімдер?» немесе «қаржылық пирамиданы қалай тануға болады?» сияқты базалық ұғымдардан бастап, жеке деректер мен қауіпсіз онлайн-төлемдерге қатысты күрделі жағдайларға дейінгі сұрақтар қамтылды.

🏆 Нәтижесінде әр өңірден 10 жеңімпаздан, барлығы 200 адам марапатталып, олар дипломдар, сертификаттар және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жеңімпаздардың бірі — Астана қаласындағы №92 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Әділхан Қошымбаев өз әсерімен бөлісті: «Диктантқа қатысу қызықты әрі пайдалы болды. Мен ақшаны дұрыс пайдалануды және алаяқтардан қалай қорғану керектігін үйрендім. Бұл білім маған болашақта міндетті түрде қажет болады деп ойлаймын».

Қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметкерлері тесттің кәсіби тұрғыдан пайдалы болғанын атап өтті — ол білімнің өзектілігін тексеруге және қаржылық тәуекелдерді анықтау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

✔️ FinIQ жобасы қоғамның қаржылық сауаттылыққа деген жоғары қызығушылығын көрсетті және бұл бағытты үйренудің тартымды әрі қолжетімді бола алатынын дәлелдеді.

Қаржылық диктант жыл сайын өткізіліп, қазақстандықтардың қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімін арттыруға бағытталған дәстүрге айналмақ.

📞 Call-center: 1458

🏦 Завершился Республиканский диктант по финансовой безопасности FinIQ

Масштабная акция FinIQ, организованная Агентством по финансовому мониторингу в рамках нарратива «Закон и Порядок» при поддержке Министерства просвещения, собрала по всей стране около 3 миллионов участников — школьников, студентов, взрослых граждан, а также работников субъектов финансового мониторинга.

Участники проверяли свои знания в области финансовой безопасности, проходя интерактивный тест из 20 вопросов от базовых понятий - «кто такие дропы» или «как распознать финансовую пирамиду» — до более сложных кейсов о личных данных и безопасных онлайн-платежах.

🏆 По итогам награждены 200 победителей — по 10 в каждом регионе, которые получили дипломы, сертификаты и ценные призы.

Своими впечатлениями поделился один из победителей - восьмиклассник столичной школы-лицея №92 Адильхан Кошумбаев: «Принять участие в диктанте оказалось не только увлекательно, но полезно. Я узнал, как правильно распоряжаться деньгами и уметь защитить себя от мошенников. Теперь я уверен, что эти знания пригодятся мне в будущем».

Работники субъектов финансового мониторинга подчеркнули, что тест оказался полезным с профессиональной точки зрения - он позволил проверить актуальность знаний и улучшить навыки распознавания финансовых рисков.

✔️ FinIQ показал высокий интерес общества к теме финансовой грамотности и продемонстрировал, что изучать ее можно интересно и доступно.

Финансовый диктант будет проводиться ежегодно и станет традицией, призванной повысить знания казахстанцев в сфере финансовой безопасности.

📞 Call-center: 1458
_____
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok