🏦 Берн қаласында (Швейцария Конфедерациясы) әлемнің 90-нан астам елінен қаржылық барлау бөлімшелері (ҚББ) басшыларының қатысуымен «Болашаққа оралу» атты Жаһандық конференция өтті
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің делегациясы қатысты.
Конференция барысында қатысушылар қаржылық барлау саласындағы өзекті үрдістер мен сын-қатерлерді талқылады. Атап айтқанда, аналитикалық жұмыстарда жасанды интеллект, машиналық оқыту және цифрлық құралдарды қолдану мәселелері көтерілді.
⌛ Сондай-ақ әртүрлі елдердің қаржылық барлау бөлімшелері арасындағы ақпарат алмасу тиімділігін арттыру және ақшаны жылыстатуға әрі терроризмді қаржыландыруға қарсы күреске бағытталған бірлескен тергеулерді жүргізу мәселелері жеке қарастырылды.
Бұдан бөлек, қазақстандық делегация шетелдік қаржылық барлау басшыларымен бірнеше екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында қаржылық ақпаратпен алмасу перспективалары, заманауи аналитикалық құралдарды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
🏦 В г. Берн (Швейцарская Конфедерация) состоялась Глобальная конференция «Назад в будущее» с участием руководителей подразделений финансовой разведки (ПФР) из более чем 90 стран мира
В мероприятии приняла участие делегация Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу.
Участники обсудили актуальные тенденции и вызовы, включая использование искусственного интеллекта, машинного обучения и цифровых инструментов в аналитической деятельности.
⌛ Отдельно рассмотрены вопросы повышения эффективности обмена информацией между ПФР различных стран и проведения совместных расследований, направленных на противодействие отмыванию денег и финансированию терроризма.
Кроме того, казахстанская делегация провела ряд двусторонних встреч с руководителями финансовых разведок иностранных государств. В ходе переговоров обсуждались перспективы обмена финансовой информацией, внедрение современных аналитических инструментов, а также укрепление международного сотрудничества.
📞 Call-center: 1458
_____