Заңсыз криптобиржалар – қылмыстық кірістерді жылыстату құралы. Нелегальные криптообменники — инструмент отмывания преступных доходов

Заңсыз криптобиржалар – қылмыстық кірістерді жылыстату құралы. Нелегальные криптообменники — инструмент отмывания преступных доходов

Заңсыз криптобиржалар – қылмыстық кірістерді жылыстату құралы

 

Қаржы мониторингі агенттігі криптобиржалардың заңсыз қызметін тоқтату бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Қылмыскерлермен интернет-алаяқтық және есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 алаң жойылды.

Тергеп-тексеру нәтижесінде 16,7 млн USDT-ке тыйым салынды.

Бұл механизм қалай жұмыс істейді? «Есірткі дүкендерінің» иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады.

Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Заңсыз табысты «тазарту» үшін арнайы ақы алынады.

Мұндай операциялар үшін көбіне дропперлердің банк карталары мен әмияндары пайдаланылады.

Осылайша, заңсыз криптоайырбастау платформалары көлеңкелі қаржы операцияларына белсенді қатысып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шетелге шығару арқылы «кәсіби жылыстатушылар» ретінде әрекет етеді.

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға цифрлық активтерді айырбастау кезінде сенімді және жауапты тәсілмен әрекет ету қажеттігін ескертеді. Айырбас қызметтерін тек заң аясында жұмыс істейтін, ресми тіркелген және лицензияланған провайдерлер арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Лицензиясы бар криптобиржалардың тізімімен АХҚО-ның ресми сайтында танысуға болады: https://publicreg.myafsa.com/

Заңсыз схемаларға қатысу - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.

Нелегальные криптообменники — инструмент отмывания преступных доходов

 

Агентством по финансовому мониторингу ведется системная работа по пресечению незаконной деятельности криптообмеников.

Ликвидировано 130 теневых площадок. Они используются преступниками для отмывания доходов, полученных от интернет-мошенничества и наркоторговли.

Проведенными финансовыми расследованиями арестовано 16,7 млн USDT.

Как работает этот механизм? Владельцы «наркошопов» и кибермошенники перечисляют либо деньги на банковские счета, либо в криптовалюте на кошельки обменника.

Далее они конвертируются и проходят через серию транзакций для сокрытия источника. За эти услуги по легализации взимается вознаграждение.

Для проведения операций зачастую используются банковские карты и кошельки подставных лиц (дропперов).

Таким образом, незаконные обменники активно вовлечены в теневые финансовые операции и выступают «профессиональными отмывателями», обеспечивая обналичивание и вывод средств за рубеж.

Агентство по финансовому мониторингу обращает внимание граждан на необходимость ответственного подхода при выборе сервисов для обмена цифровых активов. Рекомендуется пользоваться исключительно услугами лицензированных и официально зарегистрированных провайдеров, чья деятельность регулируется в рамках действующего законодательства. Со списком лицензированных криптобирж можно ознакомиться на сайте МФЦА (https://publicreg.myafsa.com/).

Напоминаем, что участие в незаконных схемах может повлечь за собой уголовную ответственность.