🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының қаржы қызметтерін реттеу комитетімен бірлесіп, ұлттық қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы жүйені нығайту мәселелеріне арналған Комплаенс кеңесінің кезекті отырысын өткізді
Кеңесте АХҚО инфрақұрылымын қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату мақсатында пайдалану тәуекелдері, сондай-ақ осындай қауіптердің алдын алуға бағытталған шаралар негізгі талқылау нысаны болды.
Сонымен қатар, ФАТФ-тың 15-ұсынымы бойынша рейтингті арттыруға бағытталған басым шараларды іске асыруға ерекше назар аудара отырып, прогресс туралы есепті дайындау жөнінде ұсыныстар әзірленді. Аталған ұсыным жаңа технологиялар мен цифрлық активтерге қатысты мәселелерді қамтиды.
Клиенттерді тексеру және бенефициарлық меншік иелерін анықтау рәсімдерінің сапасын арттыруды қоса алғанда, ішкі мониторинг механизмдерін жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша қаржы алаңын қылмыстық мақсаттарда пайдалануға жол бермеу үшін Агенттік пен АХҚО арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін нығайту жөнінде шешім қабылданды.
📞 Call-center: 1458
_____
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
🏦 Агентством по финансовому мониторингу совместно с Комитетом Международного финансового центра «Астана» по регулированию финансовых услуг проведено очередное заседание Совета комплаенс, посвящённое вопросам укрепления национальной антиотмывочной системы
Ключевым фокусом обсуждения стали потенциальные угрозы использования инфраструктуры МФЦА для целей отмывания доходов, а также меры, направленные на минимизацию таких рисков.
Кроме того, выработаны предложения по подготовке отчёта о прогрессе с акцентом на реализацию приоритетных мер, направленных на повышение рейтинга по Рекомендации 15 ФАТФ, охватывающей вопросы новых технологий и цифровых активов.
Отмечена важность совершенствования механизмов внутреннего мониторинга, включая повышение качества процедур проверки клиентов и установления бенефициарных собственников.
По итогам обсуждения принято решение об укреплении эффективности взаимодействия между Агентством и МФЦА в целях минимизации рисков использования финансовой площадки в противоправных целях.