Халықаралық ауқымы бар қаржылық пирамида:
Алматыда «Amir Capital» ісі бойынша тергеу жүргізілуде
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Amir Capital» қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған «Amir Capital» компаниясы үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы 5–10% мөлшерде табыс табу уәдесімен қаржы тартқан.
Инвесторлар компанияның ресми сайты арқылы жолданған реферальды сілтеме бойынша тіркелген. Жеке кабинеттерді толтыру криптовалюта түрінде (USDT, BTC, ETH) Amir Wallet әмияны арқылы жүзеге асқан.
Түскен қаражат қаржы пирамидасының принципі бойынша бөлініп отырған — яғни, бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер кейінгі салымшылардың қаржысы есебінен төленген.
Нәтижесінде аталған пирамидаға 40-тан астам адам тартылған.
2021 жылдың соңында салымшылардың «amir.capital» платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен, қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген.
Құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімін бұғаттауға сот санкциясы алынды.
Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды
Финансовая пирамида с международным охватом:
в Алматы расследуется дело «Амир Капитал»
Департаментом АФМ по г.Алматы проводится расследование по факту создания и руководства финансовой пирамидой «Амир Капитал».
Позиционируя себя как международный инвестиционный фонд, компания «Амир Капитал» в течение трех лет активно привлекала средства граждан Казахстана, Беларуси, России и Кыргызстана под предлогом получения дохода в размере 5–10% от торговли криптовалютой, майнинга и вложений в различные проекты.
Регистрация вкладчиков происходила по реферальной ссылке через сайт компании. Пополнение личных кабинетов осуществлялось в криптовалюте (USDT, BTC, ETH) через кошелёк Amir Wallet.
Полученные средства перераспределялись между участниками по принципу финансовой пирамиды — за счёт притока новых вкладов выплачивались проценты ранее вошедшим лицам.
В результате в пирамиду вовлечены более 40 участников.
В конце 2021 года вкладчикам ограничили доступ к выводу средств из личных кабинетов на платформе «amir.capital». Организаторы объясняли это техническими сбоями и обещали восстановить выплаты, однако доступ так и не был возобновлён.
Получена санкция суда на арест криптоактивов стоимостью более 10 млн долларов США, а также земельный участок в Алматинской области.
Одна из подозреваемых помещена под стражу сроком на 2 месяца.
Расследование продолжается.
Иная информация в порядке ст.201 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан разглашению не подлежит.