🏦 Астанада кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

🏦 Астанада кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

🏦 Астанада кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Астанада Қаржылық мониторинг агенттігі мен Еуразиялық топтың (ЕАТ) қылмыстық кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Хатшылығы сарапшыларымен бірлесіп ұйымдастырған кірістерді жылыстату істерін тергеу, саралау және сотта қарау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

🔷 Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов құттықтау сөзінде іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыстық кірістерді жылыстату істері бойынша бірізді құқықтық ұстаным қалыптастыру екенін атап өтті. Бұл ұстанымдар FATF (Қаржылық шараларды әзірлеу тобы) стандарттарына және үздік халықаралық тәжірибеге негізделіп, кейіннен ұлттық құқықтық жүйеге енгізілуі тиіс.

Семинарға елдің түкпір-түкпірінен 60-тан астам судья, прокурор және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Олардың қатарында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина, Бас прокуратураның бірінші қызметінің бастығы Елдос Сағиев және ЕҚЫҰ-ның экономика және экология жөніндегі аға кеңесшісі Нураддин Муршудлу болды.

Басты баяндамашылар – ЕАТ Хатшылығының өкілдері Дмитрий Воробьёв пен Михаил Колинченко.

🔷 Семинар барысында бастапқы қылмыс (предикат) болмаған жағдайда КЖ істерін тергеу, «кәсіби жылыстатушылардың» қызметі, криптовалюта қолданылған схемалар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістер мен балама мүлікті тәркілеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар алған білімдері мен тәжірибе алмасу құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін арттыруға, қаржылық қылмыстарды тергеу тиімділігін күшейтуге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/IDxsyRlFeZ9TMw

📞 Call-center: 1458
_____
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

🏦 В Астане состоялся обучающий семинар по вопросам противодействия отмыванию доходов

В Астане состоялся обучающий семинар по вопросам расследования, квалификации и судебного рассмотрения дел об отмывании доходов, организованный Агентством по финансовому мониторингу совместно с экспертами Секретариата Евразийской группы по противодействию легализации преступных доходов и финансированию терроризма (ЕАГ).

🔷 Заместитель Председателя Агентства Женис Елемесов, выступая с приветственным словом, подчеркнул, что основная цель мероприятия – выработка единой позиции по делам об отмывании преступных доходов, основанной на стандартах FATF (Группа разработки финансовых мер борьбы с отмыванием денег) и лучших международных практиках, с последующей интеграцией этих подходов в национальную правовую систему.

В семинаре приняли участие более 60 судей, прокуроров и сотрудников правоохранительных органов со всей страны, в том числе председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного суда Назгуль Рахметуллина, начальник первой Службы Генеральной прокуратуры Елдос Сагиев и старший советник ОБСЕ по вопросам экономики и экологии Нураддин Муршудлу.

Основными лекторами стали представители Секретариата ЕАГ - Дмитрий Воробьев и Михаил Колинченко.

🔷 Особое внимание уделено вопросам расследования дел по отмыванию доходов без предиката, в отношении «профессиональных отмывателей», схем с использованием криптовалюты, а также конфискации преступных доходов и эквивалентного имущества.

Участники отметили, что полученные знания и обмен опытом позволят укрепить единую правоприменительную практику, повысить эффективность расследования финансовых преступлений и усилить межведомственное взаимодействие.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.kz/d/IDxsyRlFeZ9TMw

📞 Call-center: 1458