🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі Беларусь Республикасының қаржылық барлау делегациясымен кездесу өткізді
Беларусь Республикасының қаржылық барлау делегациясы Мемлекеттік бақылау комитетінің Қаржылық мониторинг департаментінің директоры Дмитрий Захаровтың жетекшілігімен Қаржылық мониторинг агенттігіне ресми сапармен келді.
Кездесу барысында тараптар криптовалюталық операцияларға мониторинг жүргізу мен талдау тәжірибесін, өзекті тәуекелдерді және оларды азайту шараларын, сондай-ақ осы секторды реттеу мәселелерін талқылады.
🔷 Қаржылық барлау органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың, соның ішінде жедел ақпарат алмасудың, бірлескен талдамалық жұмыстың және күш-жігерді үйлестірудің маңызы ерекше атап өтілді.
Аталған шаралар қылмыстық активтерді анықтап, бұғаттауға, қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және халықаралық қаржы ағындарының ашықтығын арттыруға ықпал етеді.
🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласып, әрі қарай ұлттық және өңірлік деңгейлерде өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.
📞 Call-center: 1458
🏦 Делегация финансовой разведки Республики Беларусь посетила Агентство по финансовому мониторингу
Состоялся визит делегации финансовой разведки Республики Беларусь во главе с директором Департамента финансового мониторинга Комитета госконтроля Дмитрием Захаровым
🔷 Участники обсудили опыт мониторинга и анализа криптовалютных операций, актуальные риски и меры по их минимизации, а также вопросы регулирования данного сектора.
Отмечена ключевая роль международного сотрудничества между финансовыми разведками, включая оперативный обмен информацией, совместную аналитику и координацию усилий.
Эти меры способствуют выявлению и блокировке преступных активов, укреплению финансовой безопасности и повышению прозрачности международных потоков.
🤝 По итогам встречи стороны подтвердили взаимную заинтересованность в укреплении двустороннего сотрудничества и выразили готовность к дальнейшему взаимодействию как на национальном, так и на региональном уровнях.
📞 Call-center: 1458