Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қаржылық мониторингі агенттігі халықтың қарыздық жүктемесінің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қаржылық мониторингі агенттігі халықтың қарыздық жүктемесінің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қаржылық мониторингі агенттігі халықтың қарыздық жүктемесінің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Заңсыз микрокредит беру бойынша кең ауқымды схема әшкереленді.

Ол еліміздің әр өңірінде 200-ге жуық филиалы бар, комиссиялық дүкендер ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы жүзеге асырылған.

Атап айтқанда, «Актив Ломбард» желісінің иесі Койнов С.С. сенімді адамдарына «Актив Маркет» брендімен тіркелген бірнеше компания рәсімдеген.

Олар тауарлар мен тұрмыстық техниканы қабылдайтын комиссиялық дүкен ретінде көрсетілгенімен, іс жүзінде лицензиясыз ломбардтық қызмет – мүлікті кепілге қою арқылы қарыз берумен айналысқан.

Комиссиялық дүкендер мен ломбардтар бір ғимаратта орналасып, бір персоналды пайдаланған.

Заңнамаға сәйкес, қысқа мерзімді қарыздар (45 күнге дейін) бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі тәулігіне 0,3%-дан аспауға тиіс.

Алайда Койнов С.С.-тың компаниясы 15 күнге 16,2% сыйақымен қарыз берген, бұл заңда белгіленген шектен 4 есе артық.

Осылайша, жүз мыңдаған азамат, соның ішінде зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылар қарыз тұзағына түскен.

Соңғы екі жылда заңсыз жоғары мөлшерлемемен кепілдік қарыз беру арқылы 3,5 млрд теңгеден астам қаражат заңсыз өндірілген.

Түскен кірістерді одан әрі заңдастыру үшін Койнов С.С. байланысы бар компаниялармен бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және сүйемелдеу бойынша жалған келісімшарттар рәсімдеген. Оның жалпы сомасы – 1,9 млрд теңге.

Кейін бұл қаражат жеке депозиттік шотына дивиденд түрінде аударылған.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде 200-ден астам тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Қарыз алушылардың назарына: Қаржы реттеушісінің лицензиясы бар «Актив Ломбард» желісінің қызметі сотқа дейінгі тергеу нысанына жатпайды. Агенттік оның бірде-бір филиалын жапқан жоқ, «Актив Маркетке» кепілге қойылған мүлік те тәркіленген жоқ, ол «Актив Ломбардтың» иелігінде.

Сонымен қатар, ҚМА азаматтардан заңсыз сыйақы алу фактілері бойынша тағы 14 істі тергеп жатыр. Күдікті ретінде 15 тұлға танылды.

Осыған байланысты, микрокредиттік қызметпен айналысатын кәсіпкерлерді қарыз алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қатаң сақтауға шақырамыз. Азаматтардан заңсыз жоғары сыйақы мөлшерлемесін алған жағдайда кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылады.

На запросы СМИ сообщаем, что во исполнение поручения Главы государства Агентством по финмониторингу проводится работа по недопущению роста долговой нагрузки населения.

Выявлена масштабная схема незаконного микрокредитования через крупную сеть ломбардов, маскировавшихся под комиссионные магазины.

В различных городах по всей стране функционировало порядка 200 филиалов.

Так, владелец сети «Актив Ломбард» Койнов С.С. на доверенных лиц оформил ряд компаний, действовавших под брендом «Актив Маркет» и ведущих якобы деятельность по скупке товаров и бытовой техники.

Однако фактически осуществлялась выдача займов под залог имущества – то есть деятельность, прямо относящаяся к сфере ломбардного кредитования без лицензии.

При этом комиссионные магазины и ломбарды функционировали совместно, используя одни и те же помещения и персонал.

Следует отметить, что при выдаче краткосрочных займов (до 45 дней) предельная ставка вознаграждения не должна превышать 0,3% в день.

Однако, компанией Койнова С.С. заем предоставлялся на 15 дней с вознаграждением 16,2%, что более чем в 4 раза превышало установленный законом предел.

В результате такой схемы, сотни тысяч граждан, среди которых были пенсионеры и малообеспеченные семьи, оказывались в долговой ловушке.

Всего за последние два года за счет выдачи залоговых займов по завышенной ставке незаконно взыскано более 3,5 млрд тенге.

Для дальнейшей легализации доходов Койнов С.С. использовал компанию, от имени которой заключались фиктивные договоры с аффилированными фирмами якобы на внедрение и сопровождение программного обеспечения на сумму 1,9 млрд тенге.

В последующем, денежные средства переводились на личный депозитный счет в качестве дивидендов.

На текущее время проведены больше 200 обысковых мероприятий во всех регионах страны, обнаружены и изъяты вещественные доказательства.

Досудебное расследование продолжается. Иная информация разглашению не подлежит (согласно статье 201 УПК).

 

Для сведения заемщиков: деятельность сети «Актив Ломбард», которая имеет лицензию финансового регулятора, не является предметом досудебного расследования.

АФМ ни один его филиал не закрывался, залоговое имущество «Актив Маркет» не изымалось и находится в распоряжении «Актив Ломбард».

 

Одновременно информируем, что АФМ расследуются еще 14 дел по фактам взимания с граждан незаконных вознаграждений по микрокредитам.

В качестве подозреваемых признано 15 лиц.

В этой связи, призываем предпринимателей, осуществляющих микрофинансовую деятельность, строго соблюдать права и законные интересы заемщиков.

Предупреждаем, что в случае взимания с граждан завышенных ставок вознаграждения виновные лица будут привлечены к установленной законом ответственности.