Миллиардтаған жалған шот-фактуралар: кәсіби "ақша заңдастырушылар" сотталды
Атырау қаласының соты жалған шот-фактуралар мен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға байланысты экономикалық қылмыстарды жасаған адамдар тобына қатысты үкім шығарды.
Тергеуді ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті жүргізді.
Тергеу нәтижесінде А.С. Тюякпаевтың басшылығымен, сондай-ақ С.А. Аргалаш пен А.С. Булатовтың қатысуымен тұлғалар тобы ұйымдасып, 8 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар рәсімдеу арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтару схемасын құрғаны анықталды.
Осының салдарынан мемлекетке 590 млн теңгеден астам салық төленбей, ірі көлемде залал келтірілген.
Сонымен қатар, Тюякпаев 342 млн теңге көлеміндегі қылмыстық кірісті бақылауындағы компаниялардың есепшоттары арқылы өзінің жұбайының жеке шотына аудару арқылы заңдастырған.
Сот санкциясымен 4 автокөлікке 2 пәтер мен бір тұрғын үйге тыйым салынды.
Тергеу барысында 236 млн теңге өз еркімен өтелді.
Сот үкімімен Тюякпаев, Аргалаш және Булатов кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 4 айдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған кіріске сатып алынған мүлік — Атырау қаласындағы пәтер мен автокөлік — мемлекет пайдасына тәркіленді.
Қалған мүлікке қатысты азаматтық талап шешілгенге дейін қамтамасыз ету шараларын сақтау туралы сот шешімі қабылданды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фиктивные счета-фактуры на миллиарды: осуждены профессиональные отмыватели
Судом г.Атырау вынесен приговор в отношении группы лиц, признанных виновными в совершении экономических преступлений, связанных с выпиской фиктивных счетов-фактур и легализацией доходов, полученных преступным путем.
Расследование проведено Департаментом АФМ по Атырауской области.
Следствием установлено, что группа лиц во главе с Тюякпаевым А.С., при участии Аргалаш С.А. и Булатова А.С., организовала схему по обналичиванию денежных средств и уклонению от уплаты налогов путём оформления фиктивных счетов-фактур на 1,8 млрд тенге.
В результате государству причинён ущерб в виде неуплаченных налогов на сумму более 590 млн тенге.
Наряду с этим, что Тюякпаев легализовал преступные доходы в размере 342 млн тенге путём перевода через счета подконтрольных компаний на личный счет своей супруги.
С санкции суда наложен арест на имущество: 4 автомашины, 2 квартиры и жилой дом.
В ходе следствия добровольно возмещено 236 млн тенге.
Судом Тюякпаев, Аргалаш и Булатов признаны виновными, им назначено наказание в виде лишения свободы от 2 лет 4 месяцев до 4 лет.
Кроме того, в доход государства конфисковано имущество, приобретенное на преступные доходы – квартира в г. Атырау и автомашина.
В отношении остального арестованного имущества судом принято решение о сохранении обеспечительных мер до разрешения гражданского иска.
Приговор не вступил в законную силу.