Алматы қаласында ҚҚБК-нің 25-отырысы өтті! В Алматы состоялось 25-е заседание КГПП!

Алматы қаласында ҚҚБК-нің 25-отырысы өтті! В Алматы состоялось 25-е заседание КГПП!

Алматы қаласында ҚҚБК-нің 25-отырысы өтті

2025 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің құқық қорғау бөлімшелері басшылары комитетінің 25-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кеден қызметтерінің құқық қорғау бөлімшелері басшылары мен қызметкерлері қатысты.

*Аталған Комитет — ТМД елдерінің кеден саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресте өзара іс-қимылды дамыту мақсатында құрылған үйлестіруші орган болып табылады.

Жиынның ашылуында Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов құттықтау сөз сөйлеп, контрабанданың ТМД мемлекеттерінің экономикалық қауіпсіздігіне төндіріп отырған елеулі қатері туралы айтты. Ол бұл бағытта ақпарат алмасу, үйлестірілген іс-қимыл және серіктестікті нығайту маңызды екенін атап өтті.

Отырыста контрабандаға қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті қауіптер, оның ішінде халықаралық саудадағы жаңа үрдістер, заманауи технологияларды пайдалану және тауарларды заңсыз өткізу схемаларын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен шаралар қабылдау арқылы ТМД елдерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және контрабандаға қарсы күресті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған отырыс ынтымақтастықты нығайтудың және өзекті мәселелер бойынша тиімді шешімдер қабылдаудың маңызды алаңына айналды.

 

В Алматы состоялось 25-е заседание КГПП

 

12 сентября 2025 года в г. Алматы прошло 25-е заседание Комитета глав правоохранительных подразделений Совета руководителей таможенных служб государств – участников СНГ.

В мероприятии приняли участие руководители и сотрудники правоохранительных подразделений таможенных служб Азербайджана, Армении, Беларуси, Кыргызстана, России, Таджикистана и Узбекистана.

*Комитет глав правоохранительных подразделений таможенных служб СНГ — это координационный орган, созданный для развития сотрудничества между странами Содружества Независимых Государств в борьбе с таможенными правонарушениями.

С приветственным словом выступил Председатель Агентства по финансовому мониторингу Жанат Элиманов, который подчеркнул, что контрабанда остаётся серьёзной угрозой экономической безопасности государств СНГ и требует постоянного обмена информацией, согласованных действий и укрепления партнерства.

На заседании обсуждены актуальные вызовы в сфере противодействия контрабанде, включая новые тенденции в международной торговле, использование современных технологий и совершенствование схем незаконного перемещения товаров.

Особенное внимание уделено вопросам укрепления международного взаимодействия, обмена опытом и выработки совместных мер по усилению борьбы с контрабандой и защите экономической безопасности стран СНГ.

Заседание стало важной площадкой для укрепления сотрудничества и выработки эффективных решений по актуальным вопросам.