🔰 Үйірмелерге қатысты жалған есептер: Абай облысында бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді! 🔰Фиктивные записи в кружках: в области Абай раскрыта схема хищений

🔰 Үйірмелерге қатысты жалған есептер: Абай облысында бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді! 🔰Фиктивные записи в кружках: в области Абай раскрыта схема хищений

Үйірмелерге қатысты жалған есептер: Абай облысында бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Damu Bala» платформасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында анықталғандай, «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынған.

Шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтері бар ай сайын тапсырылатын есептер негізінде уәкілетті орган тарапынан жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік қаржы бөлініп отырған.

Есеп құжаттарында көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде сабақтарға қатыспаған, тіпті кейбіреуі өздерінің бұл бағдарламаға «қатысушы» ретінде тіркелгенінен мүлдем бейхабар болған.

Мәселен, бір бала Алматы облысында тұратынына және ешбір үйірмеге қатыспайтынына қарамастан, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген.

Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал күдікті тарапынан толық өтелді.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Фиктивные записи в кружках: в области Абай раскрыта схема хищений

Департаментом АФМ по области Абай окончено расследование по факту хищения бюджетных средств, выделенных на реализацию государственной программы по развитию детского творчества через платформу «Damu Bala».

Следствием установлено, что директор ТОО «SAMGAU өнер&спорт мектебі», используя программу подушевого финансирования творческих кружков и спортивных секций, предоставлял недостоверные сведения о занятиях с детьми.

На основании ежемесячных отчетов о посещаемости, содержащих заведомо ложные данные, уполномоченным органом производилось государственное финансирование якобы действующих кружков.

В представленной отчетности фигурировали дети, которые фактически не посещали занятия, а некоторые из них и вовсе не были осведомлены о своём «участии» в программе.

Так, например, один из детей числился участником кружка живописи в области Абай несмотря на то, что постоянно проживает в Алматинской области и не состоит ни в одном кружке.

Ущерб государству в размере 23 млн тенге полностью возмещён подозреваемым в ходе следствия.

Приговором суда он признан виновным, ему назначено наказание в виде 6 лет лишения свободы условно.

Приговор не вступил в законную силу.