ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: ҚМА атынан телефон арқылы алаяқтық жасау жағдайлары жиілеп кетті
Қаржылық мониторинг агенттігінің Call-орталығына азаматтардан алаяқтық әрекеттерге қатысты шағымдар саны артуда.
💬 Белгісіз тұлғалар өздерін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға олардың атына тіркелген "күдікті операциялар" туралы хабарлайды, "ресми өкілеттіктеріне" сілтеме жасап, қаражатты "қауіпсіз шоттарға" аударуға немесе жеке деректерін ашуға итермелейді.
❗️Алаяқтар көбінесе мынадай схема бойынша әрекет етеді: алдымен "Агенттік қызметкері" қоңырау шалып, кейін "Ұлттық банктің өкілі" ретінде тағы біреуі хабарласып, тәуекелдерді растағандай болады. Азаматтардың шағымдарында жиі кездесетін фамилиялар – "Жалымов", "Жамалетдинов" және т.б.
Деректерді беруден бас тартқан жағдайда, алаяқтар қорқытуға көшеді.
Сондай-ақ, жалған мөрлер мен қолтаңбалар қойылған, "ҚМА қызметкерлерінің" атынан жіберілген жалған хаттар анықталды.
✅ Ресми түрде мәлімдейміз, Агенттік қызметкерлері:
🔴 ресми хабарлама жібермей, телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;
🔴 ақша қаражатын аударуды талап етпейді;
🔴 тек Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында әрекет етеді.
Call-орталық (1458) мамандарының жедел кеңесі арқылы шамамен 50 алаяқтық әрекеттің жолы кесілді.
✅ Азаматтарды қырағы болуға, арандатуға ермеуге және күмән туындаған жағдайда 📞 Call-center: 1458 нөміріне дереу хабарласуға шақырамыз.
_____
@afm_rk
📱Facebook | 📱Instagram | 📱TikTok
🏦 АФМ предупреждает: участились случаи телефонного мошенничества от лица Агентства
Агентство по финансовому мониторингу фиксирует рост числа обращений в Call-центр по фактам телефонного мошенничества.
💬 Неизвестные лица, представляясь сотрудниками АФМ, сообщают гражданам о «подозрительных операциях» по их счетам, ссылаются на «официальные полномочия» и убеждают перевести деньги на «безопасные счета» либо раскрыть личные данные.
❗️ Мошенники часто действуют по схеме: сначала звонит «сотрудник Агентства», затем – якобы представитель Нацбанка, который подтверждает риски. В обращениях граждан регулярно упоминаются одни и те же фамилии – «Жалимов», «Жамалетдинов» и др. В случае отказа предоставить данные злоумышленники прибегают к угрозам.
Также выявлены случаи рассылки поддельных писем с фальшивыми печатями и подписями «сотрудников АФМ».
✅ Официально заявляем, что настоящие сотрудники Агентства:
🔴 не запрашивают персональные данные по телефону без официального уведомления;
🔴 не требуют перевода денежных средств;
🔴 действуют исключительно в рамках законодательства Республики Казахстан.
Благодаря своевременной консультации специалистов Call-центра (1458), удалось предотвратить около 50 фактов мошенничества.
✅ Призываем граждан сохранять бдительность, не поддаваться на провокации и при возникновении
сомнений немедленно обращаться по номеру 📞 Call-center: 1458
_____
@afm_rk
📱Facebook | 📱Instagram | 📱TikTok