Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды
2004 жылдан бастап мемлекеттің үлесі 22%-ды құрайтын Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау нысандарын «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС басқарған.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізген қаржылық талдау нәтижесінде, компанияда серіктес құрылымдармен байланысты күмәнді қаржы операциялармен қатар, шығын белгілері анықталды.
Сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар, оның ішінде Су кодексінің талаптарына сәйкес келмеуі, жекешелендіру кезінде процедуралық ауытқулар және тиімсіз басқару фактілерінің анықталуына байланысты, материалдар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдікке жолданды.
2025 жылғы 27 наурызда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оларды бастапқы жағдайына келтіріп, мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.
Әкімдік берген мәліметтер бойынша, сумен жабдықтау тарифі 30%-ға төмендеуі күтілуде.
Объекты водоснабжения и водоотведения города Шымкент возвращены государству
С 2004 года объекты водоснабжения г.Шымкент находились в управлении ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг», в котором государственная доля составляла лишь 22%.
Проведенный Департаментом АФМ по г.Шымкент анализ финансовой деятельности предприятия выявил признаки убыточности при наличии сомнительных финансовых операций, связанных с аффилированными структурами.
Выявленные нарушения законодательства, включая несоответствие Водному кодексу и процедурные отклонения при приватизации, а также факты неэффективного управления, стали основанием для передачи материалов в акимат с целью возврата объектов водоснабжения и водоотведения в собственность государства.
27.03.2025 года специализированным межрайонным экономическим судом по г.Шымкент вынесено решение о признании приватизации объектов водоснабжения и водоотведения недействительными и приведении их в первоначальное положение, т.е. возвратить государству.
По предварительным данным акимата города ожидаемая сумма снижения тарифа на воду составит не менее 30%.