
Бүгін Қонаев қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облыстық департаментімен «Заң мен тәртіп. XXI ғасыр қаржы триггерлері. АFMOnline 2025» атты форумы сәтті өтті. Форум қаржылық қауіпсіздік саласындағы жаңа трендтерді, цифрлық технологиялардың ықпалын және алаяқтық схемалардан қорғаныс шараларын талқылауға арналды.
Форумға Облыс әкімі, құқық қорғау және мемлекеттік орган басшылары, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, спортсмендер мен блогерлер қатысты. Сондай-ақ форумға 500-ден аса қатысушы қатысты.
Сарапшылар мен қатысушылар заманауи сын-қатерлерді еңсеру жолдарын бірлесе талқылап, қаржылық тұрақтылық пен технологиялық даму арасындағы тепе-теңдікті табудың маңызын атап өтті.
#Заң&тәртіп
#Закон&порядок
#Заңментәртіп
#Законипорядок