🏦 ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласында электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығарумен айналысқан топты анықтады

🏦 ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласында электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығарумен айналысқан топты анықтады

Telegram-дүкен мектеп оқушыларына вейп сатқан — 5 600-ден астам құрылғы тәркіленді

 

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласында электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығарумен айналысқан топты анықтады.

Тыйым салынған өнімдер Telegram мессенджеріндегі «VAPE SHOP MAXI MALL» арнасы арқылы сатылып, курьерлік жеткізу арқылы жіберіліп отырған.

Нәтижесінде 5 600-ден астам вейп пен олардың бөліктері тәркіленді. Аталған өнімдер сатылғанда қылмыстық табыс 100 миллион теңгеден асатын еді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қойма мен сату нүктелері анықталды.

Ерекше назар аударатын жайт — бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таралған. Заңсыз бизнесті ұйымдастырушылар электронды темекілерді жасөспірімдерге сатып, олардың денсаулығына қауіп төндірген.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

 

2025 жылдың басынан бері Агенттікпен вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді, 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды.

Айта кету керек, вейп қолдану денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді, өйткені олардың құрамындағы заттар жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне кері әсер етіп, инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың даму қаупін арттырады

 

 

Telegram-магазин продавал вейпы школьникам — изъято свыше 5 600 единиц

 

Департаментом АФМ по Павлодарской области выявлена и пресечена группа, занимавшаяся незаконным оборотом электронных систем потребления (вейпов), ароматизаторов и жидкостей для них на территории г.Экибастуз.

Реализация запрещённой продукции осуществлялась через канал в мессенджере Telegram «VAPE SHOP MAXI MALL» с последующей курьерской доставкой.

Изъято более 5 600 вейпов и их комплектующих, доход от реализации которых мог превысить 100 млн тенге.

В результате оперативно-следственных мероприятий выявлен склад и точки сбыта.

Примечательно, что продукция активно распространялась среди несовершеннолетних, включая школьников. Организаторы незаконного бизнеса сознательно поставляли электронные сигареты подросткам, подвергая их здоровье серьёзной опасности.

Расследование продолжается.

В соответствии со ст.201 УПК РК иная информация разглашению не подлежит.

 

Напомним с начала года Агенством выявлено 32 факта незаконного оборота вейпов, изъято и уничтожено свыше 440 тысяч единиц продукции.

Следует подчеркнуть, что употребление вейпов представляет серьёзную опасность для их здоровья, так как содержащиеся в них вещества негативно влияют на сердечно-сосудистую и дыхательную системы, повышая риск инсульта, инфаркта и других заболеваний.