Красноярск қаласында (Ресей Федерациясы) Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі VI халықаралық олимпиада өтті. Оған 45-тен астам елден 700-ге жуық студент қатысты.
Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен олимпиадаға Қазақстан құрамасы да қатысты. Құрама сапына Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиаданың жеңімпаздары енді.
Анықтама үшін. 1 наурыз бен 27 сәуір аралығында өткен Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиадада 5 мыңнан астам студент білімін сынға салды. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша 40 қатысушы финалға жолдама алып, оның 10-ы жеңімпаз атанды.
Қазақстандық делегация экономикалық құқық бұзушылықтарға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған зияткерлік сайыстарда ел намысын абыроймен қорғады.
Олимпиада жеңімпаздары:
– «Құқықтану» бағыты бойынша – Айшолпан Аманқосова(Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті);
– «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша – Дамир Үскембаев(Нархоз университеті).
Олимпиада жүлдегерлері:
– «Құқықтану» бағыты бойынша – Тоғжан Ілиясова (Maqsut Narikbayev University);
– «Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша – Мадияр Дүзімбаев (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті);
– «Экономика» бағыты бойынша – Мерей Кәлен (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Никита Пильцов (Maqsut Narikbayev University), Даниил Сушкевич (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті).
Сонымен қатар Даниил Сушкевич пен Игорь Золотарев фиджитал спорт сайысында жеңіске жетті.
Олимпиада апталығы аясында «ТМД елдеріндегі қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жастардың рөлі» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылда тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәжірибесі таныстырылды.
Дропперлік, интернет-алаяқтық және виртуалды активтерді заңсыз пайдалану секілді қазіргі өзекті қатерлерге ерекше назар аударылды.
Ақтөбе облысында «Kazenergy» жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу деректеріне сәйкес, сотталған адам аумағы 10 мың шаршы метр өндірістік базада қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеуді және пеш отынын өндіруді ұйымдастырған.
Шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнай бар өзге де қалдықтар қолданылған. Олар нафтамен араластырылып, айналым әдісімен өңделген.
Алайда кәсіпкерге қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қажетті лицензия мен экологиялық рұқсат берілмеген.
Нәтижесінде 11 миллион литрден астам пеш отыны сатылып, қылмыстық жолмен 778 миллион теңге табыс алынған.
Сонымен қатар сот оның мүлкін, соның ішінде өндірістік нысанын, автокөліктерін және банк шоттарындағы ақшасын тәркіледі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кету керек, өндірілген пеш отыны ұлттық сапа стандарттарына сай келмеген әрі құрамында зиянды химиялық заттар болған.
Мұндай отынды тұрмыстық және өнеркәсіптік қазандықтар мен пештерде жағу кезінде ауаға улы заттар тарауы ықтимал еді. Бұл өңір тұрғындарының тыныс алу жүйесі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен психолог және заңгердің қатысуымен География және тарих факультетінің студенттерімен лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында құмар ойындарға тәуелділіктің пайда болу себептері, оның адам өміріне тигізетін психологиялық, әлеуметтік және қаржылық кері әсерлері талқыланды.
Психолог студенттерге ойынға тәуелділіктің негізгі белгілері мен одан сақтану жолдары туралы түсіндірсе, заңгер құмар ойындарға қатысты құқықтық мәселелер жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, жауапты шешім қабылдау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті жауаптар алды.
Ақтөбе облысы бойынша ЭТТД қызметкерлері “Ақтөбе” әлеуметтік кәсіпкерлік
корпорациясы АҚ қызметкерлерімен цифрлық қауіпсіздік бойынша кездесу
ұйымдастырды. Іс-шараның интерактивті бөліміне Т. Ахтанов атындағы драма
театр актерлері қатысып, скетч форматында өмірдегі кездесетін алаяқтық
түрлерін көрсетіп, дұрыс әрекетету алгоритмін көрнекті түрде көрсетті.
Өңірдегі еңбек ұжымдарына түсіндірме жұмысы өз жалғасын табады.
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті интернет-алаяқтыққа жәрдемдесу, заңсыз кәсіпкерлік, дропперлік қызметті ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Ақтөбе қаласының аумағында телефон және интернет-алаяқтық салдарынан азаматтардан жымқырылған ақшалай қаражатты қабылдау, конвертациялау және заңдастырудың тұрақты схемасын құрған қылмыстық топ әрекет еткен.
Топ құрамында оннан астам адам болған. Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар 150-ден астам дропперді тартқан.
Қылмыстық топ мүшелері банк қосымшалары мен криптоәмияндар алдын ала орнатылған ұялы телефондарды пайдаланған. Бұл оларға дропперлердің шоттарын қашықтан басқаруға және қаржылық операцияларды олардың қатысуынсыз жүргізуге мүмкіндік берген.
Блокчейн-талдау құралдарының көмегімен жымқырылған қаражатты заңдастырудың толық схемасы қалпына келтірілді. Алдымен жәбірленушілердің ақшалай қаражаты транзиттік банктік шоттар арқылы өткізіліп, кейін бақылаудағы дропперлердің шоттарына аударылған. Одан кейін қаражат криптовалюта платформасына жіберіліп, онда USDT цифрлық активтерін сатып алуға пайдаланылған. Операцияларға заңды сипат беру мақсатында жалған қарыз шарттары мен жалған компаниялар қолданылған. Қылмыстық схеманың соңғы кезеңінде заңсыз кірістер қолма-қол ақшаға айналдырылып, шетел валютасына айырбасталған.
️ Қазіргі уақытта еліміздің 16 өңірінен 80 жәбірленуші анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 120 млн теңгеден асты.
Қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды. Тағы екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 8 пәтерге, бір автокөлікке және 52 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтерге тыйым салынды.
Тергеп-тексеру жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ақтөбе облысының Волонтерлік фронт-офисымен бірлесіп, Шығармашылық академиясында «Цифрлық тұзақтар: интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады» атты форум-тренинг өткізді.
Іс-шара интернет-алаяқтықтың алдын алу, қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық әрі цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында Өңірлік белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының өкілдері (зейнеткерлер) үшін ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректерді қорғау жолдары, цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану қағидалары және ақшалай қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ телефон алаяқтарының, қаржы пирамидаларының және өзге де қылмыстық схемалардың құрбаны болмаудың тиімді тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Форум-тренингке қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті және цифрлық кеңістікте қауіпсіз әрекет ету бойынша практикалық ұсынымдар алды.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 400-ге жуық студенттің қатысуымен «Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты республикалық форум өтті.
Іс-шара аясында Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Цифрлық активтердің заңсыз айналымы: тәуекелдер мен жауапкершілік» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу барысында қатысушыларға криптовалюталардың заңсыз айналымына байланысты негізгі қауіптер, жастарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту, дропперлік әрекеттер, сондай-ақ заңсыз қаржылық операцияларға қатысқаны үшін көзделген заңнамалық жауапкершілік түсіндірілді.
Сонымен қатар цифрлық және қаржылық қауіпсіздік, алаяқтық схемаларды анықтау жолдары мен жеке деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның негізгі месседжі:
«Жастардың қаржылық және цифрлық сауаттылығы — қоғамды киберқылмыс пен цифрлық активтердің заңсыз айналымынан қорғаудың негізі».
#ЗаңМенТәртіп #ҚМА #ЭТТД #ЦифрлықҚауіпсіздік #ҚаржылықСауаттылық #ЖұбановУниверситеті
Департаментом АФМ по Актюбинской области при координации прокуратуры окончено расследование в отношении преступной группы, осуществлявшей незаконную постановку на учет грузовых автотранспортных средств с целью уклонения от уплаты обязательных сборов.
По данным следствия, участники группы обеспечили незаконную регистрацию 82 транспортных средств категорий N3 (седельные тягачи) и M1 (легковые автомобили) на территории Актюбинской, Атырауской и Западно-Казахстанской областей. В ее состав входили 9 лиц, в том числе государственный автоинспектор и нотариус.
Поиск клиентов осуществлялся через мессенджеры и интернет-ресурсы, где предлагались услуги по регистрации грузовых автомобилей без уплаты обязательных платежей.
После достижения договоренности организатор передавал сведения о транспортных средствах сотруднику органов внутренних дел для подбора ранее снятых с учета автомобилей со схожими техническими характеристиками.
В дальнейшем участники группы оформляли фиктивные договоры купли-продажи и доверенности, привлекали подставных лиц, подавали документы через спецЦОН и обеспечивали незаконную регистрацию. При этом нотариальные действия совершались без фактического участия законных владельцев.
Общий ущерб государству составил 705 млн тенге.
С санкции суда наложен арест на имущество подозреваемых стоимостью 2,4 млрд тенге.
Пятеро подозреваемых помещены под стражу, трое – под домашний арест.
Уголовное дело направлено в суд.
Иная информация в порядке ст.201 УПК РК разглашению не подлежит.
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті ломбард қызметі саласындағы заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу амалдарына сай, күдікті 2020–2025 жылдар аралығында халыққа тұрмыстық техника (ұялы телефондар, теледидарлар, ойын приставкалары, фотоаппараттар және т.б.) кепілімен қарыз беруді ұйымдастырған. Алайда оның ломбард қызметін жүзеге асыруға міндетті лицензиясы болмаған.
Уәкілетті органдар тарапынан бақылаудан жалтару үшін заңсыз қызмет комиссиондық дүкендері ретінде жасырынған.
Қаржыға мұқтаж азаматтардың жағдайын пайдалана отырып, ол тәулігіне 3,7%-ға дейін жететін жоғары пайыздық мөлшерлемелер белгілеген. Бұл заңмен белгіленген 0,3% шектен 12 есе жоғары.
Мәселен, клиент 257 000 теңге көлемінде 10 күнге қарыз рәсімдеп, комиссия шарты бойынша 51 400 теңге (тәулігіне 2%) сыйақы төлеуге мәжбүр болған. Ал заң бойынша бұл сома 7 710 теңгеден аспауы тиіс еді (0,3%).
Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 93 млн теңгеден асқан.
Сот санкциясымен күдіктінің 3 автокөлігі мен пәтеріне тыйым салынды.
Оған қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кету керек, заңсыз қаржы ұйымдарына жүгіну мүлік пен қаражаттан айырылу қаупін арттырады.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға кепілмен қарыз беретін ұйымдардың лицензиясының бар-жоғын міндетті түрде тексеруді ұсынады, себебі бұл қызмет түрі мемлекеттік реттеуге жатады.
Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында заңсыз ойын бизнесі мен дропперлікке қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.
Аталған құқық бұзушылықтардың цифрлық ортаға ауысып, жүйелі сипат алып отырғаны атап өтілді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелсе (2025 жылы — 5), құқыққа қайшы әрекеттерге 1250-ден астам азамат тартылған.
Заңсыз онлайн-казино ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан топтың 8 мүшесі сотталды. Олардың жалпы табысы 786 млн теңгеден асқан. Сонымен қатар көлемі 600 млрд теңгеден асатын заңсыз қаржылық операциялар анықталып, халықаралық call-орталық пен 200 млн USDT-тан асатын криптовалюталық айналым арналарының қызметі тоқтатылды.
Дропперлік мәселесіне ерекше назар аударылды: шамамен 68 мың карта пайдаланылып, олардың айналымы 14 млрд теңгені құраған. Қазіргі таңда 300-ден астам дроппер қатысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізілуде, олар арқылы 4 млрд теңгеден астам қаржы айналымы өткен.
Отырыс қорытындысы бойынша бақылау мен алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, азаматтарды ақпараттандыру, күмәнді транзакцияларды анықтау, банк қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ лудоманияның алдын алу бағдарламаларын дамыту көзделуде.
Заңсыз ойын бизнесі мен көлеңкелі қаржылық схемаларға қарсы тиімді іс-қимыл тек ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы мүмкін екені атап өтілді.