
Марат Оспанов атындағы Батыс - Қазақстан медицина университетінде шетелдік студенттерге арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша оқыту кездесулері өтті. Ospanov University базасында ұйымдастырылған іс-шараларға әртүрлі елдерден келген 500-ден астам студент қатысты.
Сабақ ағылшын тілінде өткізілді, бұл барлық қатысушы үшін ақпараттың қолжетімді болуына мүмкіндік берді.
Кездесудің негізгі мақсаты — студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет пен заманауи технологияларды жауапты әрі қауіпсіз пайдалануды қалыптастыру.
Сабақ барысында студенттер:
-жеке деректер мен аккаунттарды қалай қорғау керектігін;
-желіде жиі кездесетін киберқауіптердің қандай екенін;
-оқу мен жұмыста цифрлық сервистерді қауіпсіз қолдану жолдарын үйренді.
Мұндай іс-шаралар заманауи цифрлық мәдениетті дамытуға, киберқауіпсіздік дағдыларын нығайтуға және барлық студент үшін қауіпсіз цифрлық кеңістік қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар белсенділігі үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыстың жалғасатынын атап өтті.