Жамбыл облыстық ақпараттық-насихаттық топ Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Жамбыл облыстық ақпараттық-насихаттық топ Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

2018 жылдың 10 қазанында Сарысу аудандық мәдениет үйінде облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында, аудан әкімі Б.Ж.Нарбаев негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқтады.

Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д.Ж.Дайрабаев өз сөзінде, Жолдауда айтылған мәселелердің бәрі аса маңызды екенің айтып, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе, ауыл кәсіпкерлігін дамыту мәселелері бойынша кеңінен тоқталып, бұл Жолдаудың іске асырылуы алдағы уақытта Қазақстан әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге өз септігін тигізетінін айтып өтті.

Кездесу соңында  қатысушылар айтылған ұсыныстар мен бастамаларға қолдау көрсетіп, іс-шара жүргізушілерге алғыстарын білдірді.