БҚО Әділет департаментінде Елбасы Жолдауы талқыланды

БҚО Әділет департаментінде Елбасы Жолдауы талқыланды

2018 жылдың 11 қазан күні Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде нотариустар мен адвокаттар, ҚР ӘМ Аймақтық құқықтық ақпарат  орталығының өкілдері, Департамент қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 05.10.2018ж. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы талқыланды.

Әділет департаментінің басшысы А.Абдрахманов сөз алып, Елбасының бұл Жолдауы  еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелеріне және әл-ауқатының өсуі бойынша алға қойылған міндеттерге бағытталғанын атады.

Құқық түсіндіру және заң қызметін көрсету бөлімінің маманы А.Б.Усеновамен   Жолдауды түсіндіру бойынша баяндама оқылды.

Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, Президент Жолдауындағы  аталған міндеттерді талқылады.

 

БҚО Әділет департаментінің

 баспасөз қызметі