Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 12 қазанда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Келесі заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылды:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – ҚР Қаржы министрінің орынбасары – Баеділов Қанат Ескендірұлы);

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі – Жақыпова Светлана Қабыкенқызы);

3. «Өсімдіктер дүниесі туралы» (баяндамашы –ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары – Нысанбаев Ерлан Нұралиұлы);

4. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заң жобасының және оған ілеспелі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (баяндамашы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі – Жақыпова Светлана Қабыкенқызы);

5. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің және оған ілеспелі «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы –ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы)

 

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Тел: 74-06-01,  74-06-02

pressgov@mail.ru