Әділет Вице-министрінің Қарағанды облысына сапары

Әділет Вице-министрінің Қарағанды облысына сапары

15 қазанда Әділет Вице-министрі Наталья Пан Қарағанды облысына келді.

Іс сапардың басты мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру.

Н.В. Пан кездесудің алғашқы бөлігінде Нұра ауданы Нұра кентінің тұрғындары және активтерімен кездесті.

Кездесуде Пан Н.В. Жолдаудың басты мақсатына жету үшін, ең  төменгі еңбек ақы мөлшерін көтеру, еңбек нарығын дамытудың жаңа Концепциясын әзірлеу, білім беру мен денсаулық сақтаудың  жаңа деңгейіне ауысу, шағын және орта бизнесті әрі қарай дамыту, агроөнеркәсіп кешенін жетілдіру және ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау, тұрғын үйдің қол жетімділігін және сапасын арттыру, жастар мен отбасы институтына кешенді қолдау көрсету сияқты  шаралар көзделгендігі туралы атап өтті.

Талқылау барысында Н.В.Пан қатысушылардан келген сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Кездесудің екінші жартысында Н.В.Пан академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесті.

 

Қарағанды облысы Әділет департаментінің

баспасөз қызметі