Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен 2020 жылғы 15-16 қыркүйекте онлайн режимде «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару. Дыбыс-бейнежазу туындылары мен фонограммаларды табыс алмай, жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін сыйақы жинау және бөлу» тақырыбында семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен 2020 жылғы 15-16 қыркүйекте онлайн режимде «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару. Дыбыс-бейнежазу туындылары мен фонограммаларды табыс алмай, жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін сыйақы жинау және бөлу» тақырыбында семинар өткізілді

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен 2020 жылғы 15-16 қыркүйекте онлайн режимде «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару. Дыбыс-бейнежазу туындылары мен фонограммаларды табыс алмай, жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін сыйақы жинау және бөлу» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару мәселелері, аудиовизуалды туындылар мен фонограммаларды табыс алмай, жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін сыйақыны жинау және бөлу бойынша мемлекеттердің тәжірибесі талқыланды.

Семинар жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілдері және қоғамдық ұйымдар қатысты.

Спикерлер ретінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдері Грибков, Хусс А., Монроиг М., авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі сарапшы К. Кочински (Польша), Заң ғылымдарының докторы, профессор, құқықтанушы. Ресей Федерациясының 3-сыныпты мемлекеттік кеңесшісі И. А. Близнец, Авторлар мен баспагерлердің бас қоғамының аға заңгері К. Гота (Испания) сөз сөйледі

Спикерлердің баяндамалары түрлі мемлекеттердің авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару, жеке көшіру үшін сыйақы жинау және бөлу тәжірибесіне арналды.

Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұжымдық басқару, жеке көшіру үшін сыйақы жинау және бөлу мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың спикерлерінен жауап алды.