Баспасөз-релиздері

Баспасөз-релиздері

Бүгін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ZOOM-конференция платформасында онлайн форматта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «ADALDYQ ALANY» Республикалық Жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық әділет органдарының «ADALDYQ ALANY» Жобалық кеңсесінің қызметін жетілдіру» тақырыбында аумақтық әділет органдарының қызметкерлеріне арналған «ADALDYQ ALANY» Жобалық кеңсесінің семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты әділет органдарындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған әділет органдарындағы "ADALDYQ ALANY" Жобалық кеңсесін дамыту болды.

Семинар жұмысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Адал Білім» Жобалық кеңсесі басшысының орынбасары Н.Ж. Баймурзаев, аумақтық әділет органдары қатысты.