
Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы қойылған міндеттер мен негізгі басымдықтарды түсіндіру мақсатында, Әділет министрі Марат Бекетаев Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды.

Өңірдегі сапар А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінен басталды. Заң факультетінің оқытушылары және студенттерімен кездесуі кезінде Елбасының Жолдауы аясындағы әлеуметтік және жастар саясаты мәселелері қаралған болатын.
Университеттегі шағын экскурсиядан кейін, Министр Ақмола облысының адвокаттарымен, нотариустарымен және сот орындаушыларымен кездесу өткізген Әділет департаментіне ат басын бұрды.
Іс-шарада Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттердің іске асырылу мәселелері қарастырылды.
Министр атап өткендей, Жолдаудың басты міндеті қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін алдағы жақсарту болып табылады. Жолдаудағы аталған міндеттерді шешу мақсатында, келесі негізгі бағыттар бойынша кешенді заңнамалық және ұйымдастыру шараларын іске асыру қарастырылған: бұл халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта жасау, азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.
Марат Бекетаев сөз сөйлегеннен кейін, адвокаттық қызмет, нотариат және жеке сот орындау институттарының алдағы даму мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ол қабылданған заң жобаларының нәтижелерімен бөлісті. Оның сөзінше, «Адвокаттық қызмет және заңдық көмек туралы» Заң қабылданған мезеттен бастап адвокаттар саны 250 адамға өсті.
Кездесу соңында қатысушылар министрге өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға және өз ұсыныстарын беруге мүмкіндік алды.
Айта керу керек, қазір еліміздің барлық өңірлерінде Үндеуде басымдық берілген міндеттерді түсіндіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Құрметпен
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
т. 8 7172 740601
8 7172 740602
pressgov@mail.ru