Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Хорватия Әділет министрлiгі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Хорватия Әділет министрлiгі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Шибеник қаласында өткен «Ашықтықты нығайту мен есеп берудегі тұтастықты қамтамасыз ету: жемқорлыққа қарсы бірігу» атты халықаралық конференция шеңберінде, 2018 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Төлежан Барлыбаев және Хорватия Әділет министрі Дражна Бошнякович Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Хорватия Әділет министрлiгі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Екі министрлік арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум тиісті ұйымдастырушылық бөлімшелерде сарапшылар, сот орындаушылар және басқа мамандармен өзара алмасу, заңнамалық саланы қозғайтын салаларда ақпарат пен тәжірибе алмасу, халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңаманы үйлестіру, сот шешімдерін орындау саласында ақпарат және тәжірибе алмасу және құқықтық көмек көрсету, сот сараптамасы, өз саласына байланысты ақпаратттық технологияларды енгізуге қатысты тәжірибе алмасуды көздейді. Сонымен қатар, Меморандум аясында екі ел бірлескен зерттеулер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізуге мүмкіндік береді.