
2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруы» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін талқылау мақсатымен республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамында а.ж. қазанның 16 бастап 17 – сі аралығында Солтүстік Қазақстан облысына ҚР Әділет министрінің орынбасары Э.А. Әзімова келіп кетті.
Э.Әзімова Есіл ауданы мен Шал ақын ауданының тұрғындарымен, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен және СҚО Әділет департаментінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған Президент Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтсақ, денсаулық сақтау, білім беру, заң қызметін көрсету сапасын арттыру, нотариат жүйесін дамыту, аймақтық норма шығармашылығы мәселелері.
Аудан тұрғындарын ауылдарды дамыту, медицина, тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қызықтырды. Барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.