
2018 жылдың 18-19 қазанында ҚР Әділет министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмағамбетов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Соның барысында ол Таран ауданы және Рудный қаласы тұрғындарымен кездесті.
Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артыру» атты Жолдауын түсіндіру.

Өз сөзінде Ж. Ешмағамбетов Елбасы Жолдауындағы қоғамда қызу талқыланып жүрген ең өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтып, оларды шешу үшін нақты шараларды ұсынғанын айтты. Сонымен қатар, кездесу барысында заң қызметін көрсету, оның сапасын арттыру, нотариат институтын дамыту, өңірлік норма шығармашылығы мәселелері талқыланды. Бяндамадан кейін, облыс тұрғындары қызықтырған барлық сауалдарына толық жауап алды.