ҚР Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Алматы қаласына барды

ҚР Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Алматы қаласына барды

2018 жылғы 19 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артыру» атты Жолдауының негізгі ережелерін талқылау мақсатымен республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамында Алматы қаласына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Д.А.Айтмухаметов келіп кетті.

Жұмыс сапары барысында Д.Айтмұхаметов ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.Досаевтың төрағалық етуімен Алматы қаласының активімен Президенттің Жолдауын жан-жақты талқылауға арналған отырысқа қатысты.

Сонымен қатар, Жауапты хатшы Алматы қаласы Әділет департаментінің және Алматы қаласы бойынша Сот сараптама институтының ұжымына қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған  Жолдаудың өзекті тұстарын түсіндірді.

Өткізілген кездесулерді қортындылай келе, Жолдауда көзделген мақсаттар мен міндеттерге  жету жолында, мемлекеттік аппаратпен азаматтардың бірлесуі маңызды екендігі айтылды.

 

Алматы қаласы Әділет департаментінің

баспасөз қызметі