Пресс-релиз

Пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылғы
26 тамызда онлайн режимінде «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару. Табыс алмай, дыбыстау-бейнелеу туындылар мен фонограммаларды жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін сыйақы жинау және бөлу» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару саласында дыбыстау-бейнелеу туындылар мен фонограммаларды табыс алмай жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін сыйақы жинау және бөлу тетіктері бойынша халықаралық тәжірибе мәселелері талқыланды.

Семинар жұмысына ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, мәдениет және спорт, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық палатасының, «Қазақстандық сауда компаниялары мен электр тұрмыстық, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер өндірушілерінің қауымдастығы» ЗТБ, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың өкілдері қатысты.

Спикерлер ретінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы, Авторлар мен композиторлар қоғамының халықаралық конфедерацияның (СИЗАК), Ұжымдық негізде орындаушылардың сабақтас құқықтарын басқару жөніндегі қоғамды біріктіретін халықаралық ұйымының (СКАПР), Шығармаларды репрографиялық қайта шығару жөніндегі ұйымдардың халықаралық федерациясының (ИФРО), Фонограмма жасаушылардың халықаралық федерациясының (IFPI), Құқық иеленушілер қоғамдарының Еуразиялық конфедерациясының (ЕАКОП), Ресей құқық иеленушілер одағының (РСПР) өкілдері сөз сөйледі. Спикерлердің сөз сөйлеулері авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару, түрлі мемлекеттердің жеке көшірілгені үшін сыйақы жинау және бөлу тәжірибесіне арналды.

Семинарға қатысушылар халықаралық ұйымдардың өкілдерімен өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және талқылауға мүмкіндік алды.